Жылу жүйелері күнделікті бақылауда

Инфрақұрылым
31.10.2024, 10:46
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«Қыс шанасын жаз сайлаған» Теміржолсу-Қызылорда мекемесінің теміржолшылары жылу маусымы басталғанда  тұтынушылар сұранысына қарай қазандықтарын қосып, жылу тарата бастады.  

Жылу таратылған сәттен бастап мекеме мамандары жылу жүйелерін күнделікті бақылап отырады. Пештерден және қазандықтардың шығу нүктесінен 55-60 гига калорий шамасында берілетін жылу температурасы қолданушыға дейінгі аралықта айтарлық өзгере қоймайды. Себебі оған дейінгі аралықтағы жылу жүйелері суықтан қорғалатындай етіп жылу сақтау орамаларымен қапталған. Осылайша жылу көзінен шыққан температура қолданушыға дейін өз қалпын сақтап, оның жұмыс бөлмесіне қажетті 18 градустық температураны тұрақты беріп тұрады. Мәселен, Шиелі станциясындағы жылу қазандығынан 15 күн ішінде тәулігіне 54,269 гкал жылу қуаты таратылды. Бұл дегеніміз орташа есеппен әр тұтынушыға 3,617 гкал жылу қуаты таратылған.  

– Қазіргі таңда жылу қазандықтарынан тұтынушыға таратылуы тиіс керекті жылу тұрақты беріліп тұр. Жылу беру мәселесіне қатысты тұтынушылардың арыз-шағымы болған жоқ. Бұған дейін тұтынушыларға аймақтағы 8 қазандықтан жылу таратып келдік. Биыл мекемелер арасындағы келісімге байланысты Жаңақорған, Шиелі, Белкөл және Тереңөзек станцияларындағы көгілдір отынмен жылытылатын жылу қазандықтарынан жылу қуаты таратылатын болды. Қазандықтар жылу маусымы үшін тиянақты дайындықтан өткізілді, – дейді Теміржолсу-Қызылорда филиалының бастығы Насыр Абдуллаұлы.

Теміржолсу-Қызылорда мекемесіне бір жылдық жылу маусымына керекті 220 тонна көлеміндегі көмір қоры 17 қыспақты су мұнарасы орналасқан бекеттерге жеткізілген. Жылу қазандықтары көгілдір отынмен жылытылса, су мұнараларындағы пештер Шұбаркөл кенішінен әкелінген көмірмен жылытылады. Аймақтағы біршама мекемелердің жұмыс орындарын автономды жылыту көздеріне ауыстыруына байланысты Жалағаш, Жосалы және Төретам станцияларындағы жылу қазандықтары консервацияға жіберіліпті.  

 

Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты