Қар тазалайтын техникалар сақадай сай тұр

Инфрақұрылым
01.11.2024, 09:09
Оқуға 1 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Магистральдық желі дирекциясының филиалдары «2024-2025 жылдардың қыс маусымына шаруашылықтар мен кадрларды дайындау жоспары» аясында ауқымды жұмыстар атқарды.  

Мәселен, биыл 2229 ғимарат пен 18,2 км жылу трассасы жөндеуден өтіп, алдағы қатал маусымда қалтқысыз қызмет етуге 270 астам қар жинайтын және қар тазалайтын техника дайындықтан өтіп, бүгінде жұмыс істеуге сақадай сай тұр. Сонымен қатар биыл алғашқы «қыстаушылар» мен киімдері тозған сала еңбеккерлері арнайы қыстық киімдермен және аяқ киімдермен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, станцияларда, разъездерде және басып озу пункттерінде тұрып жатқан теміржолшылар мен зейнеткерлерге 12 мың тоннадан астам тұрмыстық көмір жеткізіліп берді. Мамандардың айтуынша, бұл жоспар шеңберіндегі іс-шаралар легі жалғасуда екен.  

Айта кетерлігі, өткен қазан айының ортасында қыс кезеңі алды емтиханы іспеттес күзгі комиссиялық байқау мәресіне жеткен болатын. Осы байқау барысында да инфрақұрылымдық нысандардың, жылжымалы құрамдардың, арнайы техникалардың, өндірістік-техникалық нысандардың, техникалық құралдардың ағымдық жай-күйі тексеріліп, оның барысында анықталған кемшіліктер деңгейіне қарай жойылып, ал бірқатарын жоюға ескертулер берілген.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды