Бақты-Аягөз телімі: бас инвестор белгілі болды

Инфрақұрылым
08.11.2024, 09:01
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тәсілімен қаржыландырылып, жүзеге асыру көзделген ауқымды жобалардың бірі Бақты-Аягөз телімінің құрылысы жыл аяғына дейін қарқын алады деп күтілуде.

Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалын 20 млн тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік беретін бірегей жоба деп бағаланып отырған теміржол құрылысының ұзындығы 272 шақырымды құрайды. Жеке инвестициялар есебінен жүргізілетін құрылыстың қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемесі дайын, барлық қажетті рәсімдер аяқталған. Семей ЖТ бөлімшесі басшылығы облыстық әкімдікпен бірлесіп жол салынатын аумақты бірнеше мәрте жүріп өтіп, бірқатар мәселелерді пысықтады. Жер рельефі өте күрделі болуына байланысты жол тартылатын жерлер бірнеше рет өзгерді. Жол төселетін жер телімдері бүгінде резервке қойылды. Сонымен қатар қайта ресімдеуге және сатуға мораторий жарияланды. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жуырда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында құрылыстың бас инвесторын таныстырды. Global Trans Company компаниясы құрылыс жұмыстарын таяу арада қарқынды жүргізе бастамақ. Ал телімнің аяқталу мерзімі – 2027 жыл. Жалпы құны шамамен 577,5 млрд теңге болып отыр.  

Құрылыс кезінде жұмысқа 1700-ге жуық адам тартылады деп болжанып отыр. Қазірдің өзінде шамамен 318 адам тартылған. Олар негізінен инженерлік құрам. Ал көпшілік жұмыстарға негізінен жергілікті тұрғындар тартылатын болады. Бұл орайда облыстық әкімдік, инвестор және ұлттық компания арасында тиісті уағдаластық бар.  

Құрылыс барысында 11 станция, 47 көпір, 23 теміржол және 8 автомобиль өткелі, 5 жаяу жүргіншілер көпірі, 16 бақылау құрылыстары салынады. Осы мақсатта отандық өндірушілерден 500 мың бірліктен астам шпал және 36 мың рельс сатып алу жоспарлануда. Жергілікті қамту кем дегенде 85 пайыз болады деп күтілуде.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды