Негізгі меже – пойыз жылдамдығын 120-140 км/сағатқа дейін жеткізу

Инфрақұрылым
24.12.2024, 09:13
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде пойыздардың транзиттік әлеуетін және қозғалыс жылдамдығын арттыру үшін инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарына үлкен мән берілуде.

Негізгі меже – пойыздар қозғалысының жылдамдығын 120-140 км/сағатқа дейін жеткізу. Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Мейрамбек Кенжебаевтың айтуынша, басым бағыт жолдың негізін темірбетон шпалдарға ауыстыру жұмыстарына берілуде.  

– Соңғы бес жылда бөлімшенің 192,64 шақырым жолына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары барысында 242 556 жаңа темірбетон шпалдары салынды. Жамбыл өңірінде 26,05 шақырым жолға күшейтілген орташа жөндеу, сондай-ақ 1,3 шақырымға орташа жөндеу жүргізілді. Негізгі бағыт бойынша 213 жиынтық мөлшерінде жаңа темірбетон арқалықтардың бағыттамалық бұрмалары ауыстырылды. Жалпы жол дистанцияларының теңгерімінде барлығы 1674 бағыттамалық бұрма жиынтығы бар. Оның 719-ы басты айналымда, – дейді Мейрамбек Сермағанбетұлы.

Шу – Отар учаскесі бойынша пойыздарды өткізу қабілетін арттыру үшін Алайғыр станциясына 2/4 және Көктөбе станциясына 5/7 жаңа бағыттамалы қылтасы салынды. Күшейтілген орташа жөндеу жүргізілген жолдардан шыққан темірбетон торы Бірлік-2 станциясын қалпына келтіруге пайдаланылуда. 29 мың текше метр жолға қиыршық тас төселген соң, темірбетон негізіндегі бағыттамалық бұрмалардың 32 жаңа жиынтығы салынбақ.  

– Магистральды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу кезінде жол шаруашылығы кәсіпорындарында Шу машиналандырылған жол дистанциясының техникасы пайдаланылады, оның паркінде 61 бірлік арнайы машина бар. Ал ұзындығы 800 метр бунаққа жаңа рельстерді дәнекерлеумен Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны айналысады. Техникалық жабдықталуы жағынан алсақ, тікелей жолдарда өздігінен жүретін жол рельсті дәнекерлеуші, типті жылжымалы машиналары бар кәсіпорынның мұндай жұмыстарды атқаруға мүмкіндігі мол, – деп түсіндіреді филиал директоры.  

Былтыр Сарышаған, Шығанақ, Шу, Түрксіб, Тараз станцияларында желілік-аппараттық залдардың өңірлік байланыс тораптарын жаңғырту жұмыстары жүргізілген болатын. Залдарда жаңа бағдарламалық-аппараттық жабдықтар кешені іске қосылды.  

Биыл Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің автопарктері біршама жаңартылды. Атап айтсақ, «DONGFENG» маркалы 14 автомобиль, қалпына келтіру пойызына арналған 1 ЧЕТРА Т-35 бульдозері және 1 МПТ-6 мотовозы сатып алынды. Қысқасы, аймақта инфрақұрылымның қарқынды жаңаруы жүріп жатыр.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады