Қазақстанда наурыз айының соңына дейін «Достық - Бескөл» станциялары арасындағы екінші жолдарда қозғалыс ашылады. Бұл туралы Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«Аталған бағыт «Достық - Мойынты» жобасының бір бөлігі саналады. Бұған дейін 127 шақырымдық «Балқаш - Мойынты» учаскесінде қозғалыс іске қосылды», - делінген хабарламада.

Жалпы ұзындығы 166 шақырымды құрайтын жаңа бағытта қазіргі таңда соңғы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Учаскенің ашылуы транзиттік тасымалдау әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы ұзындығы 836 шақырымды құрайтын «Достық - Мойынты» теміржол жобасының толық аяқталуы осы жылдың ортасына жоспарланған.