Вокзалдар – үкімет назарында

Инфрақұрылым
14.03.2025, 08:30
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жуырда өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов биыл теміржол вокзалдарын жөндеу және реконструкциялау жұмыстарын аяқтауды тапсырып, бұл ел имиджіне қатысты өте маңызды мәселе екенін атап өтті.

Көлік министрі Марат Қарабаев еліміздің теміржол вокзалдарын жөндеу және реконструкциялау жұмыстары туралы баяндады. Айтуынша, бүгінгі таңда 5 вокзалға реконструкция жүргізілген. Жыл соңына дейін туристік бағыттарды қосқанда, тағы 53 вокзал жөндеуден өтеді.  

«Вокзал маңындағы алаңдарды жөндеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан параллельді түрде қамтамасыз етіледі», – деді Марат Қарабаев өз сөзінде.  

Ал ҚТЖ тарапынан теміржол вокзалдарына қатысты қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр және алдағы жылы нендей шаруалар тындырылады дейтін мәселеге келсек, Магистральдық желі дирекциясының басшылығы халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында жыл сайын ғимараттар мен жолаушылар платформалары кезең-кезеңмен жаңартылып отырғанын айтады. Мәселен, ірі жобалардың ішінен 2019 жылы Қарағанды вокзалы қайта жаңартылып, жаңа терминал салынып, ауданы екі еседен астам ұлғайтылса, 2021 жылы Тараз вокзалы жөнделіп, екі жыл бұрын Қызылорда вокзалы ғимараты күрделі жөндеуден өткен болатын. Сонымен қатар жергілікті әкімдіктермен бірлесіп Павлодар, Екібастұз, Шымкент вокзалдарына жөндеу жүргізілді, ал былтырдан бері Алматы қаласының вокзалдарына ішінара жөндеу жүргізілуде. Маңғыстау вокзалын реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Ғимараттың шатырын, қасбетін, перрондарды, баспалдақ марштарын, инженерлік-коммуникациялық желілерді жөндеу, ішкі үй-жайларды безендіру, ғимарат ішінде және вокзал маңындағы аумақта электр жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.  

«2024 жылы жалпы сомасы 116 млн теңгеге 36 вокзалға ағымдық жөндеу жүргізілді, айталық Астана-1 мен Бурабай курорты вокзалдарының ғимараттарын архитектуралық жарықтандыру жүзеге асырылды. 16 вокзалда жылу жүйесі жөнделді, ал биылғы жыл жоспарында 31 вокзалға ағымдық жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Бұл ретте 6 вокзал – Мырза, Аршалы, Мақат, Доссор, Мойынты және Сарышаған жолаушылар платформалары, сондай-ақ Алға вокзалының құрылысы жүргізіліп, Балқаш-2, Бурабай, Жезқазған курорты вокзалдары жөнделмек. Бұдан басқа, Нұрлы жол вокзалында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Теміржол көлігі мұражайы ашылып, вокзал ағымдық жөндеуден өтеді. Астана және Шу вокзалдарын күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен белсенді өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда», – дейді Магистральдық желі дирекциясының директоры Сакен Рахметов.

Еске сала кетсек, ҚР Көлік министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы №224 бұйрығымен 2024-2029 жылдарға арналған Теміржол көлігін дамыту тұжырымдамасы бекітілген. Оны іске асыру шеңберінде шамамен 100 млрд теңге сомаға 54 вокзалды жаңғырту және күрделі жөндеу жөніндегі іс-шаралар жоспарланған.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды