Машина жасау саласы қалай дамуда?

Инфрақұрылым
29.04.2025, 09:21
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен жылы теміржол машиналарын жасау саласына 23,2 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде жылжымалы құрамды шығару көлемі 5 есе артқан. Қазақстан машина жасаушыларының XII форумы аясында Астанадаға ЕХРО халықаралық көрме орталығында өткен «Теміржол машина жасау саласын дамыту» тақырыбындағы секциялық отырыста аталған саланың бүгіні мен болашағы жан-жақты сөз болды.

Секция отырысына «ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық саясат департаментінің директоры Дмитрий Потлов модераторлық етіп, ҚТЖ компаниясы мен мемлекеттік органдар, вагон және локомотив өндірісі кешенінің жетекші кәсіпорындары өкілдері, сала сарапшылары қатысты. Маңызды жиында машинажасау секторының индустриялық және инновациялық дамуының перспективалары, өнім номенклатурасын кеңейту, өндірісті оқшаулау және озық технологияларды енгізу туралы сөз болды. Қазіргі таңда теміржол машина жасау секторы қарқынды дамып келеді деуге негіз бар. Соңғы 10 жылда елде 600-ге жуық вагон жаңартылды. Былтыр 143 жаңа вагон пайдалануға берілді, биыл 226 вагон алу көзделіп отыр. Бұл вагон паркінің тозуын 44-тен 33 пайызға дейін төмендетеді және жолаушылар үшін жайлы жағдай жасауға ықпал етеді.  

Алғашқы баяндамашы, ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті электротехникалық және ауыр машина жасау басқармасының бастығы Төреәділ Абдрахманов темір жолдағы машина жасаудың қазіргі жай-күйіне тоқталып, отандық өнім үлесін ұлғайтудың және саланың экспорттық әлеуетін кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.  

– Теміржол машина жасау секторы – Қазақстанның инфрақұрылымы мен өнеркәсібінің маңызды бөлігі. Бұл салаға тек экономикалық тұрақтылық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік даму, көлік жүйесінің тұтастай алғанда қауіпсіздігі мен тиімділігі де тәуелді. Сектор республикадағы машина жасау саласының шамамен 13%-ын құрайды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 600 млрд теңгені, ал нақты көлем индексі 125%-ды құрады. Биыл алғашқы екі айда теміржол өнімдерін өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66% өсіп, 80,1 млрд теңге болды. Өткен жылы отандық зауыттар 125 локомотив өндірді, бұл Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш, яғни «ЛКЗ» АҚ – 81 тепловоз, «ЭКЗ» ЖШС – 44 электровоз жасады. Сонымен қатар 2 831 жылжымалы құрам, яғни 2 697 жүк вагоны, 134 жолаушылар вагоны шығарылды. Осы жылы қаңтарақпан айларында 17 локомотив (өсім – 2,4 есе) және 538 жылжымалы құрам (өсім – 4,3 есе) жасалды, – деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, өнеркәсіп өнімінің жыл сайынғы тұрақты өсуіне қарамастан, ішкі нарық әлі де импортқа тәуелді. 2024 жылы сектордың жалпы тұтыну көлемі 2 млрд теңгені құрап, отандық өндірістің үлесі 44,3% болды. Ал экспорт көлемі былтыр 2,3% төмендеді. Негізгі өткізу нарықтары – Ресей (88%), Өзбекстан (5%) және Әзірбайжан (2,5%) болып отыр. Экспортталатын өнімдердің қатарында цилиндрлік роликтері бар доңғалақ жұптары мен теміржол мойынтіректері жетекші орын алады. Импорт 3,3% азайды, бұл ретте негізгі жеткізушілер – Ресей (57,3%), Қытай (9,4%), АҚШ (8,4%), Германия (5,6%) және Франция (1,4%). Импортталатын өнімдердің басым бөлігі – вагондардың түрлері, локомотив бөлшектері және жылжымалы құрам арбаларының элементтері.  

– Қазіргі таңда салада 8 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған 60-қа жуық отандық машина жасау кәсіпорны жұмыс істеуде. Негізгі сала құраушы кәсіпорындар қатарында «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС, «Степногорский подшипниковый завод» АҚ, «ЗИКСТО» АҚ, «Қазақстан вагон құрастыру компаниясы» ЖШС, «Проммашкомплект» ЖШС, «R.W.S. Binding» ЖШС, «Format Mach Company» ЖШС және басқа да кәсіпорындар бар. Өндірілетін теміржол өнімдеріндегі қазақстандық қамту деңгейі 30%-дан 80%-ға дейінгі аралықта, бұл сыртқы жеткізілімдерге тәуелділікті азайтуға септігін тигізеді, – деді баяндамашы.  

Импорталмастыру бағдарламасы аясында соңғы 10–15 жылда теміржол саласында жаңа зауыттар іске қосылып, заманауи локомотивтер, жолаушылар, жүк және рефрижераторлық вагондар, тұтас илектелген дөңгелектер мен біліктер, арба бөлшектері мен тораптары, жолдың жоғарғы құрылымының материалдары, рельсті бекіткіш элементтер, жөндеу жинақтары, жол жұмыстарына арналған механикаландырылған құралдар және теміржолға қажетті түрлі жабдықтар мен аппаратуралар өндірісі жолға қойылды. Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде салаға General Electric, Wabtec Corporation, Alstom, Stadler секілді әлемдік көшбасшылар тартылды.  

Отырыс аясында саланың ірі қатысушыларының баяндамалары тыңдалды. Олардың қатарында «Электровоз құрастыру зауыты» АҚ технологияларды трансферлау және оқшаулауды дамыту туралы, «Railways Systems KZ» ЖШС импорт алмастыру перспективалары туралы, «Wabtec Corporation» ЖШС баламалы отын түрлерінде локомотивтерді әзірлеу туралы, «Атырау вагон құрастыру зауыты» ЖШС интеграцияны және инновацияларды тігінен енгізу туралы, «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС және «SMP Group» ЖШС өкілдері вагондар паркінің қазіргі жағдайы және Қазақстандағы вагон құрылысын дамыту перспективалары туралы, «Format Mach Company» ЖШС ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу проблемалары жайлы және OST-INVEST – CONSULT бойынша роботты дәнекерлеу және құрастыру саласындағы заманауи шешімдер туралы баяндамалары талқыланды.  

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар сала кәсіпорындары үшін бірқатар ұсыныстар әзірледі. Олардың қатарында өнімнің ассортименті мен экспорттық әлеуетін кеңейту, оқшаулау процестерін күшейту және инновацияларды енгізу, өндірушілер мен инжинирингтік компаниялар арасындағы кооперацияны дамыту, роботтандырылған және автоматтандырылған технологияларды енгізу және көміртегі ізі төмен өнімдерді әзірлеу туралы ұсыныстар болды.  

 

Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды