Елімізде теміржол инфрақұрылымын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда 700 шақырымнан астам теміржол жолы жөнделді – бұл жалпы жылдық жоспардың жартысы, яғни 1482 шақырым, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жолға күрделі жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған 513 шақырымның 292 шақырымы аяқталды. Жұмыс 40 телімнің 14-і бойынша аяқталды:

Қостанай облысы  

-Күншаш – Қарағалы– 36 км

Павлодар облысы

- Еркіншілік – Ерейментау – 28 км

- Ақсу-I – Ақсу2 – 13 км

- Спутник – Бастау – 4 км

Алматы облысы

- Лепсі – Жасқазақ – 11 км

- Құмтөбе – Егінсу– 12 км

- Шілбастау– Қопа– 7 км

Жамбыл облысы

- Жиделі – Бірлік-1 – 12 км

- Шөлдала – Құмшағыл – 11 км

Қызылорда облысы

- Қаракеткен – рзд. Қараиірім – 6 км

Ақтөбе облысы  

- рзд. 174 – Жарлы – 9 км

- Кенжәлі– рзд. 142 – 10 км

Атырау облысы

- рзд. 4 – Ганюшкино – 25 км

Маңғыстау облысы

- рзд. 7 – Сай-Өтес– 16 км

Сондай-ақ, Қарағанды облысындағы «Қарағайлы» тау-кен байыту комбинаты қызмет көрсететін Көкпекті-Қарағайлы учаскесіне ерекше көңіл бөлінеді. Магистральдың бұл бөлігі минералды шикізатты экспорттауда, кәсіпорындарды жабдықтауда, сондай-ақ аймақ экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуде стратегиялық рөл атқарады. Қазіргі уақытта мұнда 21 км күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, 15 000 ағаш және 3 700 темірбетон шпалдар төселді, 11 км ұзынөлшемді рельс тізбектері  төселді.

«ҚТЖ»ҰК» АҚ желісіндегі жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жалғасуда. Ауқымды бағдарлама теміржол желісінің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.