Вокзалдар жаңа кейіпке енеді

Инфрақұрылым
29.08.2025, 09:45
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл елімізде жалпы саны 125 теміржол вокзалына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Соған сәйкес жаңғырту жұмыстары Атырау облысының 9 вокзал ғимаратында, яғни Атырау, Ганюшкино, Аққыстау, Доссор, Мақат, Сағыз, Жамансор, Мұқыр және Исатай вокзалдарында жүргізілмек.  

Тапсырыс беруші – «ҚТЖ» ҰК» АҚ. Атырау магистральдық желі бөлімшесі вокзал шаруашылығы бөлімінің бастығы Айбек Қуанышевтің айтуынша, қазіргі уақытта Аққыстау, Ганюшкино, Мақат, Доссор және Сағыз станцияларының вокзалдары түгелдей құлатылып, сүріліп тасталған. Енді жаңа вокзалдың жобалық-сметалық құжаттамасы, темірбетон конструкцияларының, архитектуралық жобаның шешімдерін жасақтау жүріп жатыр. Соның ішінде Исатай, Мұқыр, Жамансор станцияларының вокзалдарындағы ЭО постты модульді ғимаратқа көшіру жұмыстары да жүргізілуде. Ол әрине белгілі бір уақыт алатын жұмыс екені түсінікті.  

Мердігер мекемелер вокзалдарға техникалық тексеру жүргізіп, құжаттарды вокзал шаруашылығын жаңғырту дирекциясына жолдаған. Ал Атырау вокзалы бойынша жұмыстарды мердігер «БатысАльянсстрой» ЖШС жасайтын болды.  

«Rise Project Group» жобалау мекемесі қазіргі уақытта Атырау вокзалы астымен жүретін инженерлік жүйелерді, жылу, электр желілерін, СОБ кабельдерін, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс жүйелерін көшіру бойынша жобалау жұмыстарымен айналысуда.  

«Қазіргі таңда бұзып тасталған вокзалдарда вагон-контейнерлерден жолаушыларға арналған күту залы, вокзал кезекшісі бөлмелері жасақталған. Жалпы, өңірдегі вокзалдарды қайта жаңғырту барысында ішкі жұмыстар, инженерлік жүйелерді ауыстыру, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қолжетімділігін, еркін қозғалысын қамтамасыз ету, атап айтқанда көтеру құрылғыларын орнату, арнайы бөлме, демалу бөлмелерін ұйымдастыру, халыққа қызмет көрсетуге және жақсартуға бағытталған құралдармен жабдықтау, сыртқы жұмыстар бойынша жылу жүйелері мен ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту, жолаушылар платформаларын жөндеу, ғимараттың сыртын, қасбетін, шатырын, баспалдақтарды, жолаушылар платформасын жөндеу, айналаны абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады, – дейді Айбек Қуанышев.  

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты