Вокзал – тарихи нысан

Инфрақұрылым
03.09.2025, 10:07
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Орынбор-Ташкент теміржолының құрылысы басталған 1904 жылы салынып, ғасырдан астам тарихтың куәсі болған Шиелі теміржол вокзалы қазақ даласында салынған алғашқы теміржол тораптарының бірі. Оның бой көтеруі аймақ экономикасының дамуына, ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға және халықтың қатынасын жеңілдетуге айрықша ықпал етті.

Соңғы рет 2012 жылы күрделі жөндеуден өткен ғимарат бүгінде тәулігіне 13 жұп пойызды қабылдап, орта есеппен 263 жолаушыға қызмет көрсетіп келеді. Бұл көрсеткіш аудан үшін айтарлықтай маңызды, себебі жолаушылардың басым бөлігі өңірден облыс орталығына және көршілес аймақтарға сапар шегеді.

Қызылорда облысында теміржол вокзалдарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары қарқын ала бастады. Аймақ басшылығы мен жауапты мекемелер қолға алған бұл іс тек құрылыс жұмысы ғана емес, сонымен қатар тарихи құндылықты сақтау, жолаушыларға ыңғайлы орта қалыптастыру, теміржол саласының болашағына инвестиция салу болып отыр.

Жуырда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Нұрлан Бимұратов, вокзал бастығы Алмат Досымов және сала мамандары Шиелі вокзалындағы құрылыс жұмыстарының барысымен арнайы танысты. Жауаптылардың айтуынша, бұл жолғы жөндеудің ерекшелігі-ғимараттың тарихи сәулеттік келбеті толықтай сақталып, заманауи талаптарға сай жаңартылуы.

Мердігер мекеме «Дәнекер» ЖШС ғимараттың ішкі және қасбеттік қаптау жұмыстарын жүргізуде. Бұған дейін аудан әкімдігі вокзал аумағында қосымша жұмыстар атқарып, жолаушылар платформасына қақпа орнатқан, ескі су мұнарасын қалпына келтірген, сондай-ақ жарық шамдар мен орындықтар қойылған. Бұл өз кезегінде сапарға шыққан жолаушылардың жайлылығын арттыра түсті.

Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан республика көлемінде 100 вокзалға күрделі жөндеу жүргізу жобасы қолға алынған. Соның ішінде Қызылорда бөлімшесіндегі 10 станцияның вокзалдары жаңғыртылуда. Бұл -бір мезгілде әлеуметтік, экономикалық және мәдени маңызы бар қадам.

«Бұған дейін Қызылорда вокзалы жөндеуден өткізіліп пайдалануға берілген болатын. Бүгінде жүргізіліп жатқан вокзалдардың құрылыс жұмыстары да жоспарға сәйкес биыл аяқталып, пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда жөндеуден өткізіліп жатқан Сексеуіл, Арал теңізі, Қазалы, Жосалы, Төретам, Шиелі, Жаңақорған вокзалдарының Тереңөзек, Жалағаш Талап станцияларындағы жолаушыларға қызмет көрсету пунктеріндегі тарихи бейнесі сақталып, бастапқы архитектуралық құндылықтары жоғалмайды. Жаңғырту жұмыстары аймақтың көлік инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған маңызды шара. Аймақтағы өзге вокзалдардың жөндеу барысын қарап шыққан аймақ басшысы бастаған топ бүгін Шиелі вокзалын арнайы барып қарап шығып тапсмырмалар берді, - деді Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Нұрлан Бимұратов.

Жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына қарамастан, пойыздар кестеге сәйкес кідіріссіз қабылданып, жөнелтілуде. Жолаушылардың перронға шығып, вагондарға мініп-түсуіне барлық жағдай қарастырылған. Бұл ұйымдастыру жұмыстарының дұрыс жолға қойылғанын көрсетеді.

Теміржол вокзалдарының жаңаруы тек аймақ тұрғындары үшін ғана емес, бүкіл облыстың туристік және транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Заманауи талаптарға сай қызмет көрсету, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау -халықтың теміржолға деген сенімін нығайтып қана қоймай, теміржол саласын жаңа деңгейге көтереді.

Сонымен қатар, тарихи ғимараттарды сақтай отырып жаңарту ұлттық мұраны келер ұрпаққа жеткізудің жарқын үлгісі. Шиелі сияқты ғасырдан астам тарихы бар вокзалдардың қайта түлеуі аймақтың мәдени келбетіне де оң ықпал етеді. Осылайша, аймақта басталған күрделі жөндеу жұмыстары тек құрылыс емес, аймақтың тарихын сақтап, болашағын бекемдейтін іргелі бастама.

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті