Елдің транзиттік әлеуетін арттыру және көлік қаңқасын қалыптастыру мақсатында «Қазақстан Темір Жолы» ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2027 жылға дейін 1700 км-ден астам жаңа теміржол желілері салынады:

• Достық – Мойынты – 836 км (2022–2025)

• Алматы айналма жолы – 75 км (2024–2025)

• Дарбаза – Мақтаарал – 152 км (2024–2026)

• Бақты – Аягөз – 295 км (2025–2027)

• Қызылжар – Мойынты – 329 км (2025–2026)

Достық–Мойынты учаскесіндегі екінші жолдардың құрылысы және Алматы айналма жолы биыл аяқталады.

Жаңа желілердің іске қосылуы:

• транзит пен жүк экспортын арттыруға;

• өңірлердің дамуына;

• жаңа жұмыс орындарын ашуға;

• Еуразияның көлік хабы ретінде Қазақстанның позициясын нығайтуға ықпал етеді.