Достық – Мойынтының екінші жолы теміржолдың екінші тынысын аша түседі...

Инфрақұрылым
03.10.2025, 10:23
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ үшін аса маңызды ірі инфрақұрылымдық жоба Достық – Мойынты темір жолындағы екінші жолдар құрылысы мәреге жетті. Осы аптада үш жылға созылған құрылыс толық аяқталып, жаңа желі салтанатты жағдайда пайдалануға берілді. Осынау қуанышты сәтті көзбен көріп, тарихи оқиғаға куә болған сала ардагерлері ізгі тілек, жылы лебіздерімен бөлісті.

Аманбай ТӨЛЕУШИН, Құрметті теміржолшы:

– Кеше біз тарихи оқиғаның куәгері болдық. Достық – Мойынты теміржолының екінші жолы іске қосылды. Сонау егемендік алған жылдары алғаш рет Достық – Алашаңқай шекаралық түйіспе бекеті арқылы пойыз өтіп еді. Міне, содан бері 35 жылдай уақыт өтіпті. Сол кездегі Достық бекеті қазір үлкен станцияға айналып, егеменді еліміздің статусын бекіте түсті. Екі ел арасындағы достық және іскерлік қарым-қатынасымызды нығайта түсті. Қазір пойыз алмасу еселеп өсті. Ал мына екінші жолдың ашылуы, теміржолдың екінші тынысын аша түсті десек болады. Станция басындағы ЭО посты қандай керемет, бәрі орталықтандырылған, автоматтандырылған. СОБ байланыстары бәрі соңғы үлгіде. Пойыздар қозғалысы компьютер арқылы басқарылады. Бұл – сөз жоқ, үлкен жетістік!

Берік АЙТБЕКОВ, Құрметті теміржолшы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ардагерлер кеңесі орталық аппаратының төрағасы:

– Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жол салынып, іске қосылуы Қазақстан экономикасының өсуіне, халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ететін маңызды жоба. Қаншама жұмыс орны ашылды және ашылмақ? Ал оның еліміздің транзиттік әлеуетін көтерудегі рөлі қандай десеңізші... Қазақстанның Еуразиядағы маңызды көлік-транзит хабы ретінде позициясын нығайтып, экспорттық тасымалдың уақытын қысқартады. Бұл бизнес үшін де, халық үшін де өте тиімді. Екінші жолдың салынуымен Достық – Мойынты теліміндегі жүк тасымалының көлемі бес есе өсіп, бағдардың бір тәулікте өткізе алатын пойыздар саны 12-ден 60 жұпқа дейін ұлғаятын болады. Контейнермен жүк тасымалының жылдамдығы тәулігіне 1500 шақырымға дейін артады. Екінші жол құрылысы Достық станциясының дамуына да соны серпін берді. Үлкен терминалдар салынған. Жолдар ұзартылған. Контейнерлерді пойыздарға тиейтін қуатты крандар орнатылған. Инфрақұрылым жақсарған. Бір кездері аңызақ жел соғып, құм борап тұратын, адам тұру мүмкін емес болып көрінген Достықтың қазіргі келбетіна қарап еріксіз сүйсінесің.

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды