«Бақты-Аягөз» құрылысы қарқын алды

Инфрақұрылым
14.10.2025, 10:20
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Еліміздің көлік саласы үшін стратегиялық маңызы аса зор «Бақты-Аягөз» теміржол телімінің құрылысы қарқын ала бастады десек болады. Қытаймен үшінші түйісу нүктесі болады деп жоспарланған жоба ұзақ жылдар бойғы зерттеулер мен ізденістер нәтижесінде пісіп жетіліп, Қытай елімен екіжақты келісімдер аясында жүзеге асырылуда.

Өткен тамыз айының соңында Бейжің қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов пен China Communications Construction Company президенті Чжан Биннан мырза жаңа телім құрылысын жүргізу бойынша талқылау өткізгені белгілі. Оның барысында Қытай тарапы жер жұмыстарын жобалау және жүргізу бойынша жұмыстарды қысқа мерзімде жандандыру міндеттемелерін қабылдаған болатын.  

Жүзеге асып жатқан жобаның тиімділігі қазірдің өзінде сезілуде. Себебі аймақтың экономикасына серпін әкеліп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына себеп болуда. Мәселен, бүгінде жаңа желі бойында 150-ге жуық жергілікті тұрғын жұмысқа тартылып, еңбек етуге көшкен. Ал теміржол телімі толық пайдалануға берілген соң 1200-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.  

Құрылыс жұмыстары аймақтағы халық тығыз орналасқан Аягөз, Мақаншы және Үржар аудандарын қамтиды. Жоба бойынша жалпы саны 12 станция салу көзделген. Құрылыс 2027 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Жауапты ұйым ретінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ белгіленген. Мердігер ұйым ретінде China Harbour Engineering компаниясы айқындалды. Қазіргі таңда жоба толық көлемде бастау алды. Теміржол төсемі үшін жер қыртысы әзірленуде.  

Бұл жобаны іске асыру Қазақстан мен ҚХР арасындағы көліктік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту үшін, сондай-ақ өңірдің транзиттік әлеуетін нығайтуда стратегиялық маңызға ие.  

Осыған дейін жобаны іске асыру мақсатында Абай облысы әкімдігі тиісті жер учаскелерін резервке алған болатын. Темір жол өтетін ауылдар тұрғындарымен кездесулер өтіп, жұртшылықтың ризашылығы да алынды.

Ұлттық компания және Абай облысының басшылығы тарапынан жобаны жан-жақты қолдау қамтамасыз етілуде. Жұмыс барысы Семей ЖТ бөлімшесі мен НЖС-6 басшылығының да назарында тұр.  

Қазіргі таңда жаңа теміржол желісін іркіліссіз іске асыру үшін қажетті құрылыс көлемі, техникамен қамтамасыз ету, мердігер мекемелердің дайындық деңгейі және инженерлік инфрақұрылыммен қамту мәселелері де пысықталуда. Ал Семей магистральдық желі бөлімшесі кадр бөлімінің басшысы Данияр Баймағұловтың айтуынша, көп ұзамай жаңа желі бойына қажетті мамандар даярлау жұмыстары қолға алынатын болады.

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды