Манкент вокзалы жаңа келбетке енеді

Инфрақұрылым
14.11.2025, 10:31
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Манкенттегі теміржол вокзалында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Құрылысқа байланысты іргелес орналасқан Манкент станциясының бір бөлігі билет кассирлеріне уақытша қызмет көрсетуге беріліп, жолаушыларға барынша қолайлы жағдай жасалған.

Бірінші қабатта орналасқан 40 шаршы метрлік кеңседе билет сату мен анықтама қызметі және күту залы да қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Жұмыс уақыты таңғы 9:00 мен кешкі 18:00 аралығы болғанымен, мұнда келушілер үшін ішкі және сыртқы сатылым терезелері де ұйымдастырылған. Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы арба жолы да орнатылған.  

– Станция ауласында касса орналасқан бағытты көрсететін көрнекі белгілер қойылып, жолаушылардың қозғалысын жеңілдетуге баса назар аударылды. Бұл енді уақытша болса да азаматтар үшін қолайсыз жағдайлар туындатпау үшін іске асырылды, – дейді станция бастығы Қуаныш Табеев.  

Әрине бұл күндері дәстүрлі билет сату кассасымен қатар, интернет заманы дамып, қолжетімділік мүмкіндігі кеңейген кезең болып тұрғаны сөзсіз. Сондықтан көпшілік билетті интернет арқылы сатып алғанды жөн көрсе, кассадан билет алатындар да жоқ емес. Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің вокзал шаруашылығы мамандары осы жайтты ескере келе Манкент елді мекенінде күндізгі уақытта кассаны ашық ұстауға ұйғарым жасапты. Себебі Манкент үлкен станция санатына жатпағанымен, мұнда тәулігіне 22 жолаушылар пойызы аялдайды. Олардың тоқтау уақыты 2-3 минутты ғана құрағанымен, жергілікті тұрғындар мен емдеу-сауықтыру кешеніне келушілер пойызға мініп-түсіп үлгереді.  

Қазіргі таңда вокзал ғимаратының іргетасын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 230 метр болатын фундамент құйылып, 140 текше метр бетон пайдаланылған. Сонымен қатар ғимарат жанынан 60 шаршы метрлік қосымша құрылыс салынуда. Онда күзет қызметі мен құқық қорғау органдары өкілдеріне арналған кабинеттер орналаспақ.  

– Қазір шатырды толық жаңалап жатырмыз. Терезелердің биіктігі 3,5 метрге дейін көтеріліп, готикалық үлгіде қайта жасалуда. Барлық жұмыс жоспарға сай жүрсе, ай соңына дейін шатыр жабылып, ішкі әрлеу жұмыстарына кірісеміз. Ал жыл соңына дейін ғимаратты толық пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, – дейді мердігер компания «Kanfar Building» ЖШС жүргізіп жатқан құрылыс алаңындағы учаске бастығы Имантай Дулат.  

Салаға жауапты мамандардың айтуынша, Түлкібас вокзалында да тап осындай қызу құрылыс. Екі нысанның да жоспарға сай жөнделіп шығуына жауапты компания өкілдері қолға алған істің ойдағыдай іске асатынына уәде беріп отыр.  

 

Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы