Мемлекет басшысының инфрақұрылымды жаңарту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде осы жылы бүкіл ел бойынша темір жолдардың елеулі учаскелері күрделі жөндеумен қамтылды, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Президент қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және пойыздардың жылдамдығын арттыру үшін 11 мың шақырым темір жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу міндетін қойды.

Ұлттық компания басшысы баяндағандай, жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде. Бүгінгі таңда 4 375 шақырым жол жөнделді. Қолданыстағы желілерді жөндеумен қатар жаңа желілердің белсенді құрылысы және жалпы ұзындығы шамамен 3 мың шақырым учаскелерде заманауи автоблоктау жүйелерін енгізу жүргізілуде.

«Мемлекет басшысының 11 мың шақырым темір жолды жөндеу жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында бүгінгі күні 4 375 шақырым жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ 7 учаскеде автоблоктауды жаңғырту және енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстарды келесі жылы аяқтау жоспарлануда», — деп атап өтті «ҚТЖ» басқарма төрағасы.