Астана-1 вокзалының жаңа бөлігінің реконструкциясын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда

Инфрақұрылым
20.01.2026, 09:00
Оқуға 2 мин
Сурет: Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Тайжанов Жәнібек Астана-1 теміржол вокзалының қайта жаңарту барысымен танысты. Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Қазреставрация» ШЖҚ РМК өкілдерінің қатысуымен өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жұмыс сапары барысында вице-министр қазіргі уақытта негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан вокзал кешенінің жаңа бөлігін қарап шықты. Қайта жаңарту нәтижесінде вокзалдың жалпы аумағын 7 827 шаршы метрден 8 409 шаршы метрге дейін ұлғайту көзделген. Жобада заманауи инженерлік және цифрлық шешімдерді енгізу, жаңа құрылыс технологияларын қолдану, сондай-ақ жолаушылар ағынының өсуін, қауіпсіздік пен жайлылық талаптарын ескере отырып, функционалдық жоспарлауды жаңарту қарастырылған.

Жаңа бөлікті қайта жаңарту кезеңінде жолаушыларға қызмет көрсету үшін пайдаланылып отырған Астана-1 вокзалының ескі бөлігіне ерекше назар аударылды. Вице-министр жұмыс істеп тұрған ғимараттағы жолаушыларға қызмет көрсету жағдайларымен, оның ішінде күту залы, массаж функциясы бар орындықтар, қоғамдық тамақтану нысандары, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар және өзге де сервистік аймақтармен танысты.

Вокзалдың ескі бөлігі тарихи-мәдени мұра нысаны болып табылады. Оны қайта жаңарту тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау саласындағы заңнама талаптарын сақтай отырып, «Қазреставрация» ШЖҚ РМК тарапынан жүзеге асырылатын болады. Қазіргі уақытта ғимаратта объектінің тарихи келбетін сақтай отырып, оны кейінгі реставрациялауға және қазіргі пайдалану жағдайларына бейімдеуге бағытталған дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Тексеру қорытындысы бойынша вице-министр «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен мердігер ұйымға жұмыс кестесін қатаң сақтау, жобаның барлық қатысушыларының іс-қимылдарын үйлестіру, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарының уақтылы аяқталуын және объектіні пайдалануға беруді қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді. Вокзал кешенінің жаңа бөлігі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуы ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін жоспарланып отыр.

Астана-1 вокзалын қайта жаңарту теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда және тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтай отырып, өткізу қабілетін арттыруға, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға, сондай-ақ көлік сервисінің заманауи стандарттарын енгізуге бағытталған.

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты