Көлік кептелісін азайтты

Инфрақұрылым
23.01.2026, 08:34
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Үшінші мегаполис Шымкент қаласында көлік, коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Мысалы, жуырда қаладағы маңызды нысандардың бірі – Момынов көшесіндегі теміржол өткелі техникалық тұрғыда ашылып, жүргізушілер үшін қолайлы жағдай жасалды. Сала мамандары бұл жоба көлік ағынын реттеуге және кептелісті азайтуға айтарлықтай ықпал ететінін айтады. Теміржолшылар арасында бұл жер «3 294 шақырымның 9-пикетіндегі күзетпелі бақылау бекеті» ретінде белгілі. Сондықтан да бұл ресми құжаттарда Момынов көшесіндегі өткел І санатқа жатады. Өйткені бұл нысан Шымкент қаласы мен халқы тығыз орналасқан Сайрам ауданын байланыстыратын негізгі бағыт саналады. Мұнда тәулігіне 12 мыңнан астам автокөлік пен түрлі санаттағы 60-қа жуық пойыз өтеді.  

Қозғалыс қарқыны жоғары аумақты ескере отырып, жергілікті билік 2024 жылы бұл маңға көпір салу жөнінде шешім қабылдаған. Жобаны «Береке-А» құрылыс корпорациясы жүзеге асыруда. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың екінші жартысында басталып, алдымен инженерлік-коммуникациялық желілерді реттеу жүргізілген. Нәтижесінде 2-3 ай ішінде негізгі жоспар толық орындалды.  

Бұған дейін жүргізушілер әр 20 минут сайын теміржол өткелінде кептелісте тұруға мәжбүр болса, енді ұзындығы 132 метр болатын жаңа өткел арқылы үздіксіз қозғалыс қамтамасыз етілді. Көпір қаланың шығыс бөлігін орталық аудандармен байланыстырып, жолға кететін уақытты айтарлықтай қысқартады.  

Мердігер компания өкілдері алдағы уақытта өткелге іргелес аумақта абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, түнгі уақытта көрінуді арттыру үшін заманауи жарық шамдары орнатылатынын айтты. Ал құрылыс толық аяқталған соң нысанға 50 жылдық кепілдік беріледі. Жалпы жұмыстар 2026 жылдың мамыр айында толық тәмамдалады.  

 

Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді