Атырау магистральдық желі бөлімшесі бойынша өткен жылы пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін бұзу жағдайлары, апаттар, оқыс оқиғалар тікелмеген. Ал алдыңғы жылы 2 жағдай, 4 оқиға орын алған.  

Сондай-ақ жол сапасына қатысты 3-дәрежелі ауытқулар 337-ге, 4-ші дәрежелі ауытқулар 24-ке, қанағаттанғысыз шақырымдар 49 шақырымға қысқарған, яғни  2024 жылы 56 шақырым тіркелсе, былтыр күрт азайып, небәрі 7 шақырымды құраған. Сонымен қатар техникалық құрал-жабдықтардың істен шығуы 54 жағдайға қысқарған.  

Бөлімше бастығының бірінші орынбасары Аманқос Жылқыбаевтың айтуынша, былтыр 66,721 шақырым жолды күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып, ол жүз пайызға орындалған. Олар 4-разъезд – 5-разъезд – Ганюшкино, 265-разъезд – 279-разъезд және 465-разъезд –Толтыр – 467-разъезд телімдерінде жүргізілген. Сол секілді 3,245 шақырым күшейтілген орташа жөндеу жоспары 9,871 шақырымға орындалған.    

 Биыл бөлімше бойынша 29,7 шақырым жолды күрделі жөндеу жоспарланып отыр. Олар Махамбет – Атырау, Мақат – Афанасьево – Рзд9, Рзд 467 – Рзд 468 – ст. Құлсары учаскелерінде жүргізілмекші. Сондай-ақ 9,2 км жол орташа күшейтілген жөндеуден өтеді. Бұрмаларды ауыстыру – 20 дана, қолданылған бұрмаларды пайдалану – 8 жиынтық, мал басудан қоршау салу 74,6 шақырым, оларды жөндеу 25 шақырым жоспарланған.