Стратегиялық маңызы бар бекеттердегі жөндеу жұмыстары

Инфрақұрылым
20.03.2026, 08:26
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бойынша биыл бекітілген ағымдағы жөндеу жоспары аясында 21 нысанды жаңарту қарастырылған. Мақсат – өндірістік инфрақұрылымды жаңарту, қауіпсіздік деңгейін арттыру және қызметкерлердің еңбегі мен демалысына неғұрлым қолайлы жағдай жасау.

Компанияның негізгі объектілерінде жөндеу жұмыстары қазіргі заманғы және жайлы жұмыс ортасын құру жөніндегі стратегияны іске асырудағы маңызды кезең болады. Өндірістік инфрақұрылымды жаңарту бағдарламасы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жүйелі жақсартуға және қауіпсіздік стандарттарын нығайтуға бағытталған. Аталған іс-шараларды іске асыру персоналдың еңбек және демалыс жағдайларын едәуір жақсартуға, өндірістік тәуекелдерді азайтуға және ұжымдарда қолайлы ахуал қалыптастыруға мүмкіндік береді.  

Санитарлық-тұрмыстық және өндірістік аймақтарды жаңғырту ұжымның көңіл-күйіне шынайы қамқорлық көрсету тәсілі ретінде де қарастырылады. Сайып келгенде, инфрақұрылымды сапалы жаңарту барлық көлiк желiсiнiң тұрақты жұмысы үшiн iргетас жасай отырып, жүк тасымалдарының тиiмдiлiгi мен сенiмдiлiгiнiң өсуiн қамтамасыз етедi.  

Осы жылы жұмыс ауқымы кең, желінің стратегиялық маңызды учаскелерін қамтиды. Атап айтқанда, жаңарту негізгі өндірістік және тұрмыстық алаңдарға қатысты болатын Бейнеу және Сексеуіл станцияларында жоспарланған. Алматы өңіріндегі инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға ерекше назар аударылады: Алматы станциясында тракциялық жолдарға күшейтілген орташа жөндеу жүргізіледі, бұл үздіксіз маневрлік жұмысты қамтамасыз етуге және қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл 2025 жылы табыс ты іске асырылған ауқымды әлеуметтік бағдарламаның жалғасы болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы күрделі жөндеуден өткен 15 нысан пайдалануға берілген болатын. Арқа, Есіл, Отар, Бейнеу, Матай, Атбасар, Достық, Ганюшкино, Қызылжар, Ағадыр, Атырау, Сағыз және Орал станцияларындағы локомотив бригадаларының 13 демалыс үйі жаңартылды. Сондай-ақ Астана қаласының локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пунктінде және Есіл станциясы депосының кеңсесінде жұмыстар аяқталды.

Қарағанды-Сұрыптау станциясында техникалық қызмет көрсету пунктінің заманауи технологиялық ғимараты салынып жатыр, оны тапсыру 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған. Бұдан басқа, күрделі жұмыстардың қарқынды кезеңі Тобыл станциясының тепловоз депосында, ТО-2 және ТО-3 цехтарында, сондай-ақ Көкшетау, Мойынты және Қандыағаш станцияларының қызметтік-тұрмыстық корпустарында жалғасуда.

 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады