Жаңаланған жолдар – қауіпсіздік кепілі

Инфрақұрылым
15.05.2026, 09:15
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл еліміз бойынша үш мың шақырымға жуық магистральдық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарланып отыр. 14 мамырдағы жағдай бойынша аталған көлемнің үштен бірі орындалып, желінің жаңартылған учаскелерінің жалпы ұзындығы 1003 шақырымға жеткен.

Қытаймен шекарадағы халықаралық көлік дәлізінің негізгі буыны болып табылатын Алтынкөл – Жетіген және Сексеуіл – Қызылжар стратегиялық маңызды бағыттарындағы жекелеген теміржол учаскелерін жаңғырту аяқталған. Сонымен қатар 129 шақырымдық Ақсу – Жаңа-Семей теміржол учаскесін жаңғыртудың бірінші кезеңі іске асырылды. Жұмыс жоспарланған кестелерге сәйкес орындалуда. Жобаларды іске асыру теміржол желісінің өткізу қабілетін және тасымалдардың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық көлік маршруттарындағы транзиттік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.  

Жалпы темір жолдардың жай-күйін жақсарту және үздіксіз, қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін 2023 жылдан бастап 2029 жылға дейін 11 мың км темір жолды жөндеу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылда аталған бағдарлама шеңберінде 4450 шақырым жол жөнделіп, соның ішінде 1640 шақырымнан астамы күрделі жөндеуден өткен болатын. Ал биыл 1557 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.  

Мамандар сөзіне сүйенсек, өткен жылдың қорытындысы бойынша Бейнеу – Маңғыстау және Павлодар – Семей телімдерінде күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі мәселесіне толық нүкте қойылыпты. Ал биыл Семей – Аягөз және Мақат – Бейнеу телімінде жөндеу жұмыстары аяқталмақ. Сонымен қатар Астана – Алматы, Астана – Тобыл, Көкшетау – Қостанай, Арыс – Шеңгелді және басқа телімдерде жөндеу түрлері жалғасатын болады.  

Жалпы орындалған жұмыстар ұзындығы 1283 км учаскелерде жолаушылар пойыздарының қозғалыс жылдамдығын арттыруға, ағаш шпалдардағы жолдың ұзақтығын 71%-ға қысқартуға, ал жөндеуді қажет ететін учаскелерді 215 шақырымға азайтуға қысқартуға мүмкіндік берді.  

Соңғы үш жылдағы жолдың тұрақты жақсаруы мобильді-диагностикалық кешендердің бағалауы арқылы да расталып отыр. Мәселен, 2023 жылмен салыстырғанда 3-ші және 4-ші дәрежелі ауытқулар төмендеп, қанағаттанарлықсыз бағалауға ие шақырымдар 1 303 км-ге қысқарған.

 

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады