ҚТЖ инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында Ақсу – Жаңа-Семей теміржол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ұзындығы 139 км учаскеде басқаруды орталықтандырудың микропроцессорлық жүйесіне жеті бөлек пункт қосылған. Екі жаңа разъезд пайдалануға берілді, тағы бір разъезде жаңа қабылдау-жөнелту жолдары салынды.

Жоба магистральдың өткізу қабілетін арттыруға, пойыздар қозғалысы жылдамдығын арттыруға және жүк тасымалының сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақсу – Жаңа-Семей учаскесін жаңғырту теміржол инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Бүгінгі таңда магистральдық желі жаңғыртылған учаскелерінің жалпы ұзындығы 1 142 км құрады.