Инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда

Инфрақұрылым
05.06.2026, 09:02
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей жүк тасымалы филиалы бойынша соңғы жылдары теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуда көптеген тың жобалар қолға алынып, сәтімен іске асырылып келеді. Әсіресе өндірістік процестің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңашылдықтар қатары мол.

Мәселен, жуырда ұлттық компанияға қарасты теміржол инфрақұрылымын жаңарту бағдарламасы аясында жүк ағыны аса мол Ақсу – Жаңа-Семей теміржол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі толықтай аяқталды. Қарқынды жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жоспарлы шаралар орындалып, пойыз қозғалысын басқару, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау ісінде соны көрсеткіштер орын ала бастады.  

Атап айтсақ, ұзындығы 139 шақырымдық учаскеде басқаруды орталықтандырудың микропроцессорлық жүйесіне жеті бөлек пункт қосылды. Оның сыртында телім бойында екі жаңа жол айрығы пайдалануға беріліп, тағы бір жол айрығында жаңа қабылдау-жөнелту жолдары салынып, пайдалануға берілді. Мұнымен қатар Дегелең, Шаған, Известковый, Көл станциялары да дамытылды. Соның ішінде көмір тасымалында алғашқы орында тұрған Дегелең жүк станциясындағы 6 қабылдау-жөнелту жолдары 9-ға дейін көбейтілді. Бұл іс-шаралар өз кезегінде станция жұмысын жеделдету, пойыздарды қабылдау және жөнелту процестерін оңтайландыруға мүмкіндік берді.

Жаңа жоба осылайша шығыстағы іргелі магистральдың өткізу қабілетін арттыруға, пойыз қозғалысы жылдамдығын ұлғайтуға және жүк тасымалының сенімділігін қамтамасыз етуге тыңнан мүмкіндік ашып отыр.  

Жалпы, Ақсу – Жаңа-Семей учаскесін жаңғырту жобасы отандық теміржол инфрақұрылымын дамыту және байтақ еліміздің транзиттік әлеуетін нығайту жөніндегі жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. Осы іс-шаралармен бірге Жаңа-Семей станциясы сандық технологиялар мен инфрақұрылымды жаңғырту да дамуда. Бұл бағыттағы жоспарлы жұмыстар «ҚТЖ» ұлттық компаниясының цифрлық трансформациясы аясында маневрлік жұмыстардың тиімділігін арттыру жобасына енгізілген.  

– Бүгінгі таңда магистральдық желінің жаңғыртылған учаскелерінің жалпы ұзындығы 1 142 км құрап отыр. Инфрақұрылымдарды жаңарту жобасының тиімділігін осынау телімнің бойындағы шағын станциялар мен жол айрықтарындағы барша қозғалысшылар қауымы да айқын сезініп отыр. Міне, соның нәтижесінде жүк және жолаушылар ағыны мол Дегелең – Жаңа-Семей телімі толық қуатында жұмыс істеуге мүмкіндік алды, – дейді бұл орайда пікір білдірген телім бойындағы Шаған станциясының бастығы, тәжірибелі теміржолшы Айдос Тоқтаров.  

Бұлай деп сеніммен айтуға толық негіз бар. Себебі аталмыш магистральды дамыту ондағы жүк тасымалдау уақытын айтарлықтай қысқартып, пойыздардың қозғалыс жылдамдығын біршама еселеген.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады