Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді

Инфрақұрылым
21.07.2026, 13:52
Оқуға 1 мин
Сурет: gov.kz

Ақтөбе облысында теміржол вокзалдарын жаңғырту жобалары белгіленген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев Қандыағаш, Ембі, Шалқар, Алға қалалары, сондай-ақ Шұбарқұдық щжәне Қарауылкелді елді мекендеріндегі жаңғыртылып жатқан вокзалдардағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Нысандарда құрылыс жұмыстарының қарқыны, орындалу сапасы, өндірістік кестенің сақталуы және құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілу мәселелері қаралды.

Тексеру барысында мердігер ұйымдарға құрылыс жұмыстарын бекітілген мерзімде аяқтау, сапа талаптарын қатаң сақтау және анықталған ескертулерді жедел жою тапсырылды.

Асылбек Есенбаев теміржол вокзалдарын жаңғырту өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытудағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«Вокзалдар тұрғындар мен өңір қонақтары үшін қауіпсіз, қолайлы әрі заманауи талаптарға толық сәйкес келуі тиіс. Барлық мердігердің алдында сапа мен мерзімді сақтау міндеті тұр, құрылыс жұмыстары - бақылауда», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Жаңғырту нәтижесінде вокзал ғимараттары толық жаңартылып, инженерлік жүйелер заманауи стандарттарға сәйкестендіріледі. Сонымен қатар жолаушыларға қолайлы жағдай жасалып, мүгедектігі бар азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастырылады.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті