Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс

Инфрақұрылым
25.08.2026, 09:49
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің Ақшолақ – Үшбұлақ аралығындағы тақ жолдың 3542-3536 шақырымдары аралығында 60 сағаттық технологиялық толаскез өтті. Рельстік тіректерді жаппай ауыстыру жұмысына Жамбыл филиалынан 100-ден аса маман жұмылдырылып, Шу және Ағадыр машиналандырылған жол дистанциялары тартылды.

Ауқымды жұмысқа арнайы жол машиналарының қосылуы жөндеу жұмыстарын сапалы орындау мүмкіндігін арттырды. Айталық, СМД машинасы ескі шпалдарды жаңаларына ауыстырса, МКТ жол жиегіндегі қиыршықтасты шпалдарға жылжытып,тегістеп берді. Ал РМ арқылы ескі шағылтасты тазартып, ХДВ көмегімен жаңасын төсеп болған соң, ЭЛБ, ВПО, ДМ, ДГС және ПБР машиналары жолды түзеп, тазартып, нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестендірді.  

– Рельстік тіректерді ауыстыру, жалпы теміржол инфрақұрылымының техникалық жай-күйін жақсарту – пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Технологиялық толаскез уақытында Ақшолақ – Ақыртөбе аралығында ұзындығы 8 шақырым жұп жолдың 3565 км ПК 1-ден 3572 км ПК 10-ға дейін және ұзындығы 6,6 шақырым тақ жолдың 3542 км ПК 8-ден 3536 км ПК 3-ке дейінгі аралықта шпалдардың тозуына байланысты рельстік тіректер ауыстырылды. Сонымен қатар жұп жолдың аталған учаскесіндегі рельс бекіткіштердің КПП-5 үлгісін SKL-14-ке, ал Ақшолақ – Үшбұлақ аралығындағы тақ жолда ЖБР түрін SKL-14 бекіткіштеріне ауыстырдық. Алматы қаласындағы «Бент» фирмасынан Ақшолақ станциясына – 14 720 дана, Талас станциясына 12 320 дана Фоссло шпалы жеткізілді, – дейді Жамбыл жол дистанциясының бастығы Дәулетбек Несіпбекұлы.  

Дистанция бастығының айтуынша, осыған дейін бұл жол аралығында тозған шпалдардың әсерінен түсетін күшке төтеп бере алмай, жол ені кеңейіп, рельстер сыртқа қарай «теуіп», пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіріп тұрған. Соған байланысты аталған учаскеде локомотивтердің жылдамдығына шектеу қойылып келген. Жол өлшегіш вагон және жылжымалы диагностикалық кешендері арқылы тексеру жүргізіп, 3,4 дәрежелі ақаудың бары анықталған соң ауқымды толаскез алып, бүгінгі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Рельстік тіректерді ауыстыру жұмыстары 60 сағаттық толаскез аясында толық аяқталды.  

Айта кетейік, СМД-80 кешенді жол машинасы – ТМД бойынша жалғыз дана. Бұл машинаның экономикалық тұрғыда өте тиімді және күрделі жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін пойыздар қозғалысы жылдамдығын тез арада қалыпты жағдайға келтіретіні қазіргі таңда атқарылған жұмысымен дәлелденіп отыр.  

 

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды