«ҚТЖ» ҰК» АҚ 2029 жылға дейін 11 мың шақырым магистральдық теміржол желісін жөндеу бойынша «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» бағдарламасында берілген Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асырады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Бүгінгі таңда жоспарланған көлемнің 50% орындалды – 5,5 мың км темір жол жаңартылды.
2023-2025 жылдары 4 448 км жол жөнделді, ағымдағы жылы – 1052 км.
Жұмыстар теміржол желісінің сенімділігі мен өткізу қабілетін арттыруға, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.