Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Ерейментау жол дистанциясының Бозшакөл станциясында RWS001PMKZ.00.000 и RWS002PMKZ.00.000. жобалары, 1/9 және 1/11 маркалы Р-65 типті жаңа бағыттамалық бұрмаларды пайдалану сынақтары аяқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Жаңа құрылғы икемді үшкілдермен және дәнекерленген рельс ұштары бар моноблокты крестшемен ерекшеленеді.
Жаңа құрылғыны қолдану бағыттамалық бұрмалардың сенімділігі мен беріктігін арттыруға, қозғалыс жылдамдығын және олардың қызмет ету мерзімін арттыруға бағытталған.
Жұмыстар бағыттамалық бұрмаларды механикаландырылған төсеуге арналған заманауи DESEC төсеу машинасының көмегімен орындалды.
Алдағы уақытта осы құрылғыны өңір желілерінің басқа да жол дистанцияларында кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда.