Дөңестегі қарбалас

Инфрақұрылым
15.11.2018, 11:42

Арыс станциясындағы дөңес паркінің жұмысын жүргізіп отырған екі қабатты ғимараттың екінші қабатына көтеріліп, төменге көз салсаңыз, теміржолдағы қозғалыс және қауіпсіздік деген ұғымның не екенін көзбен көріп, жүрекпен сезінесіз десек, артық айтпаймыз. 

Дөңес кезекшісі Қожабай Маханбетов пен дөңес операторлары Мұхтар Күлтеков, Зульфия Қаныбекова, Фатима Жартыбаева сырт қарағанға алып экраннан төмендегі қозғалысты бақылап отырғандай көрінеді. Ал шын мәнінде анау вагондар мен адамдардың әрбір қимыл-қозғалысын басқарып отырған осылар.    

– Жалпы, Арыс станциясы Орта Азиядағы ең ірі тораптық станция болып саналады. Станцияда 106 (!) жол бар. Мұнда Ташкент, Алматы, Шымкент сынды ірі қалалардың әрқайсысына арналған жолдар бөлек-бөлек орналасқан. Яғни, сол қалаларға келетін-кететін жүк құрамдары өз жолдарында жасақталады. Күніне 30-35 пойыз жөнелтеміз, маневр жұмыстары күндіз-түні тынымсыз жүргізіледі. Арыс қаласындағы шпал зауытқа вагондарды жууға береміз. Жуылып тазаланған вагондарды қайтадан составқа тастаймыз. Пойыздар жасақталып, дайын болғаны кешіктірілмей жөнелтіліп отырылады. Себебі, вагондардың тұру мерзімін де барынша қысқартуға тиіспіз, еңбек өнімділігіне мұның үлкен маңызы бар, – дейді дөңес операторы.

Бірнеше айдан кейін зейнетке шыққалы отырған дөңес кезекшісі 1973 жылдан бері осы жерде табан аудармай еңбек етіп келеді екен. Басшылықтың айтуынша, аға теміржолшының бай тәжірибесі, жауапкершілігі мен табандылығы әріптестеріне, әсіресе жаңадан келген жастар үшін кәдімгідей шеберлік мектебі десе жарасқандай.

 Міне, қазір де жан-жақтан келген пойыздарды сұрыптап, құрастырып, жөнелтіп отырған ауысымға басшылық жасап отырған дөңес кезекшісінің қырағы назарынан ештеңе тыс қалмайды. Сонау төменде жүрген вагон құрастырушылардың жұмысын қалт жібермей қадағалап, олардың вагондарды ағытып-құрастырып жатқан қимылын бақылап, маневр жасап жүрген локомотивтің ары-бері қозғалысын, дөңестен зу-зу етіп сырғанап кетіп бара жатқан вагондарды да назарда ұстап, тиісті жерінде бұйрық беріп отыр. Ал жанындағы дөңес кезекшісі мен операторлар вагондарды реттеп отыр. Зүлфия Қаныбекова вагондарды тежеп, жылдамдығын шектеп, жайлап жіберіп, ал Фатима Жартыбаева вагондарды бағытына қарай, мәселен, Ташкентке кетуі тиіс болса, сол жолға бұрып отыр. Олар дөңес паркіндегі жұмыс ауыр да өте жауапты, сонымен қатар қызық екенін жасырмайды. Мысалы, бір күнде 1300-1500 вагонның «тағдырын шешу», составтарды тарқату, қайта жинақтап құрастыру, бір вагонды ұзын құрамның басына, енді бірін соңына әкеп тіркеу, ең соңында дайын пойызды жолға салып аттандыру... міне, дөңестегі құдайдың құтты күнгі қарбалас жұмысты осылай суреттеуге болады.

Тәулігіне 1500 вагонға дейін тарқатып-жинап, 35 пойызға дейін құрастырып жөнелтетін Арыс станциясы бағзы бір жылдары «маршруттар фабрикасы» атанған даңқын әлі күнге жойған жоқ. 

Дөңес кезекшісі мен операторлар отырған түгел шынылы кең бөлмеден айнала алақандағыдай көрініп тұр. Сонау төменде сол жақ қапталда жиылып тұрған вагондар көрінді. «Ол жерде «әке-шешесі жоқ жетім вагондар» тұрады», – деп әзілдей түсіндірді дөңес кезекшісі. Кеңес үкіметі кезінде жұмыс істеп тұрған, ал бүгінде «жұмыссыз паркте» құжаты жоқ вагондар сақтаулы тұр екен, олар қашан құжаты келгенше осы жерде болатын көрінеді.   

– Кейбір вагондардың құжаты болмай қалады, арасында депоға жөндеуге баратындары бар, соған байланысты олардың бәрін осындағы паркке жинайды.

Бұдан басқа, 2 км жерде тағы да екінші жұмыс істемейтін вагондар паркі бар. Онда шамамен 600-700-дей вагон қаңтарулы тұр. Құжаты келген вагондар кеткен соң, орнына басқасы ауыстырылып қойылады, – деп түсіндірді жөңес кезекшісі.

Ауысыммен 12 сағат жұмыс істеп, 48 сағат демалатын дөңес паркіндегі осынау теміржолшылардың еңбегі, сөз жоқ, қандай марапатқа да лайық. Мынадай «мұздай темір құрсанған» жерде еңбек етуге жүрегінің түгі бар мықтылар ғана лайық десек, жарасады. Ағымдағы жылдың тоғыз айының көрсеткіші бойынша Арыстағы дөңестен вагон тарқату тәулігіне 120,8 пайызға орындалыпты.

Жансая СЫДЫҚБАЙ, Арыс–Шымкент 

Суретті түсірген автор


Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты