Жыл басынан бері Құрық порты арқылы 311 паром немесе 10432 вагон жүк экспортталған

Инфрақұрылым
22.11.2018, 14:26
Оқуға 2 мин

        Каспий теңізіндегі екінші порт Құрық арқылы импорт және экспорт қызметі бойынша су көлігі тасымалын жүзеге асыратын Құрық порты станциясында қызу тірлік қарқынды жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, Құрық күш алып келеді.     

         Құрық порты станциясының бүгінгі бастығы Жарас Жолаевтың айтуынша, жүк тиеу операцияларын жасауға қолайлы мүйісі бар жаңа портқа биыл жыл басынан бергі 10 айда 333 паром, яғни 10023 вагон жүк келген. Ал Құрық портынан экспортталған жүктер көлемі 311 паром, яки 10432 вагонды құраған.  

– Солардың ішінде жүк түрлерін сараптайтын болсақ, ең көп келетіні – темір-терсек, құбырлар 422 вагон, ?құрама жүктер, 2289 вагон тауық еті, 508 вагон кондитерлік өнімдер және жүгері дақылы тағы басқа жүктер болған. Сонымен қатар, Каспий айдыны арқылы шетелдерге кемемен жөнелтілетін жүктердің ең көбі газойл өнімі екен, оның осы аралықта 4233 вагоны жіберіліпті, сондай-ақ барей концентраты – 487 вагон, бидай 1917 вагон, томат пастасы 432 вагон, асбұршақ 524 вагон болып тиелген, бұл қатарда құрама жүктер де, жасымық өнімі де бар, – дейді Жарас Жолаев.

       Еліміздің екінші порты Құрықта былтыр наурыз айында ашылған Құрық-порты станциясы – Каспий теңізі арқылы жүк жіберіп және қабылдап, тікелей портпен жұмыс істейтін жалғыз темір жол нысаны. Бүгінде ондағы жүк қабылдау және жөнелту көлемі өткен жылдан біршама артқан. Жұмыс көбейген соң, әрине, станцияның ұжымы да толығып жатыр екен. Бүгінде Құрық порты станциясында барлығы 69 адам еңбек етеді, олардың басым бөлігі – 32 пойыз құрастырушысы және 5 станция кезекшісі еңбек етеді.

Бүгінде станцияда А және Б паркі бар, 12 жолдан тұратын екі паркте де жүк түсіріп, тиеу жұмыстары жүргізіледі. Жөнелтілетін, келетін вагондар арнайы көпір арқылы кемеден түсіріліп немесе тиеліп, өз орындарына жайғастырылады.

        Құрық кентінен 25 км жерде, теңіз жағалауындағы мүйісте орналасқан Құрық портының Ақтау портынан ерекшелігі – мұнда кемеге көпір жалғанып, жүгі түсірілместен вагондар сол күйі тиелетіндігінде, бір кемеге ең көп дегенде 54 вагон сыяды. Ақтау портында жүк жіберу, қабылдауға теміржолдан басқа кәсіпорындар қызмет көрсетсе, Құрықта портпен тасымал бойынша станция тікелей жұмыс істейді. Станция қызметкерлері осы паромдармен жүк тиелімі және түсіру жұмыстарынан бөлек барлық техникалық, коммерциялық, кедендік, келген жүктердің құжаттарының дұрыстығын қадағалау, өңдеу, рәсімдеу сынды жұмыстардың бәрімен бірдей айналысады.

Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ


Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды