Маман кеңесі маңызды

Инфрақұрылым
15.02.2019, 11:53
Оқуға 2 мин

Локомотив пайдалану деполарының психологиялық жүктемеден арылу бөлмелерінде депо қызметкерлері үшін кәсіби кеңестер беріледі. Өткен жылы психолог мамандарының көмегіне 4 мыңнан астам машинист пен олардың көмекшілері жүгінген.  

Психолог кабинетінде локомотив бригадаларының мүшелеріне күйзелісті жағдайлардан кейін миға түскен салмақтан босаңсуға, арылуға көмектеседі. Машинист мамандығы мәртебелі мамандық болумен қатар жүйкеге салмақ түсіретін жауапкершілігі де жоғары мамандық. Олай дейтініміз, ұзын құрамды тіркеп алып келе жататын локомотив құлағындағы машинистер жол үстінде күтпеген жерден кездейсоқ жағдайларға тап болып жатады. Мысалы, адамдардың, қараусыз малдардың жолға шығып кетуі, жолға бөгде заттың қойылуы, тағысын тағылар. Айталық, былтыр темір жолдарда мал-жанды басып кетудің алдын алу үшін машинистер жүк және жолаушылар пойыздарын 3200-ден астам рет шұғыл тежегіш басып, тоқтатуға мәжбүр болған. Локомотив бригадалары мүшелерінің кәсіби әрекет етуінің арқасында 90% оқиғада адамды басып кетуге жол берілмей, өмірлерін сақтап қалған. Өкінішке қарай, барлық оқиға сәтті аяқталмайды.

Алайда, бұл жерде ескеретін жайт, мұндай оқиғалар машинистер мен олардың көмекшілерінің жүйкелеріне салмақ түсіреді, ал бұл өз кезегінде, олардың психикалық саулығына кері әсерін тигізері сөзсіз. Ал жүйкеге түскен салмақтан арылту бойынша оңалту курсы локомотив бригадаларының жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалуға септігін тигізуде.

Атап өтерлігі, локомотив бригадасын жасақтау барысында психологтың қорытындысы міндетті түрде ескеріледі. Неліктен дейсіз ғой, білікті маман тестілеу өткізу арқылы адамның жеке қасиеттеріне, тіл табыса білу сияқты қасиеттеріне баға береді. Ал маманның бұл кеңестері жұмыс барысында ұрыс-керіс, жанжалдың туындауынан сақтап, стандартты емес жағдайларда машинистер мен олардың көмекшілерінің бірлесе әрекет етіп, ұйымшылдықпен жұмыс істеуіне ықпал етпек.

Ислам ТАЛҒАТ


Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды