Тораппен тығыз байланыста

Инфрақұрылым
29.10.2019, 10:49
Оқуға 3 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кезекті станция бастығы күнінде Нұр-Сұлтан станциясының вокзалында тораптық құрылымдық мекемелер түгел бас қосты. Оған төрағалық еткен станция бастығы Қайрат Оразбаев ағымдағы кезеңде атқарылып жатқан жұмыстар ретін баяндады. 

Жалпы, салалық мекемелер тораппен тығыз байланыста. Бұл жолы да жолшылар, белгі беру мен байланыс, электрмен жабдықтау, локомотив және вагон шаруашылығы, тағы да басқа осы станциядағы қозғалыс қауіпсіздігіне атсалысатын барлық мекемелер өкілдері бас қосқан жиында станция бастығы алдымен қысқа дайындық мәселесін сөз етті.

– Қысқа дайындығымыз түрлі тексерулер барысында пысықтала түсуде. Қазір барлық нысандардың дайындығы бойынша паспорттау процесі жүруде. Қыс – бұл біздің жұмысымыздың ең күрделі кезеңі, ол кезеңдегі жұмыстар теміржолшылар үшін емтихан тапсырумен бірдей. Сондықтан, кез келген мәселені бірігіп шешіп, әрқайсысымыз өз ұжымымызда жұмысты жетілдіруге, бітпеген істі бітіруге атсалысайық, – деді станция бастығы. Одан кейін кадр мәселесі, оларды оқыту, нұсқаулықпен таныстыру, сақтау, қауіпсіздік техникасын, жеке бас қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз орындау, тағысын тағы талаптарға тоқталып өткен станция басшысы, астаналық Нұр-Сұлтан және «НұрСұлтан-Нұрлы жол» станциялары торабындағы мекемелер қашан да басты назарда болатынын, сондықтан аса ыждаһатты болуға шақырды. Әрі қарай өткен аптадағы пайдалану жұмыстары бойынша жолаушылар тасымалы жұмысындағы кемшіліктер ортаға салынып, кейбір жолаушылар тасымалы құрамдарын дайындау, жіберу, төсекорынмен жабдықтау және экипировкалауда қателіктер жіберілгені сынға алынды. Бірнеше пойыз жүру кестесіне сай өз мерзімінде жөнелтілмегені айтылды. Соның бәріне жолаушылар тарапынан шағымдар түскен екен. Жиында Ірілендірілген Астана жол дистанциясының жақында өткізген түнгі «толаскез» кезіндегі жұмыстары жоғары бағаланды. Толаскез барлық талапқа сай өткізілген. Жексенбі күні Жайнақ телімінде болатын «толаскезге» де дәл солай тыңғылықты дайындалу тапсырылды. ШЧ-16 мекемесінің қысқа дайындық шаралары және ранжирлік парктегі жұмыстары бойынша өткен аптада тапсырылған жұмыстардың орындалу барысы сұралды. Дистанция басшылары тиісті шаралар жоспары, сұлбасы жасалып, өз департаменттеріне жолданғанын жеткізді. Сол сияқты ВЧД және ЭЧ, ТЧЭ мекемелерінің жұмысына қатысты да тапсырмалардың орындалу ретінен есептер тыңдалды. Ал әскерилендірілген темір жол күзеті қызметіне қатысты еңбек қорғау секторы тексеріліп, әскери күзетшінің өзі вагондар астынан өтіп, қауіпсіздік ережелерін бұзғаны анықталған. Сол бойынша жолданған хаттың негізінде мекеме басшыларына аталған бұзушылық бойынша шара қабылдау керектігі ескертілді.

– Станцияның орталық алқымында перспективада үлкен жұмыстар жүргізу жоспарланған. Соған байланысты барлық тораптық қызметтер өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып, тексеруден соңғы кемшіліктермен толыққанды жұмыс істеуін, оларды болдырмауды талап етеміз. Станцияда қандай жұмыстар жүргізілсе де ол туралы ДС аппараты бірінші біліп отыруы керек. Сондықтан барлық қызметтер тығыз байланыс-та жұмыс істеуге шақырамын, – деп қорытындылады Қ.Оразбаев.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды