Кешенді тексеру кестеге сай

Инфрақұрылым
06.03.2020, 11:50
Оқуға 2 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылордалық ревизорлар аппараты жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін арттыруды жетілдіру үшін белгіленген жұмыс жүйесімен кешенді тексерулер ұйымдастырып, кездескен олқылықтардың дер кезінде орнына келтірілуін қадағалап, кешенді тексерулер өткізуді дәстүрге айналдырған.

Бұл жолы да кестеге сай теміржол нысандарына еріген қар суынан төнетін қауіптің алдын алу, көктемгі жауын-шашыннан сақтануды қадағалап, бөлімше бойынша Сексеуіл-Қоскөл, Сексеуіл-Шорнақ станциялары арасындағы телімдерде тексеру жүргізілді.

Бөлімшенің солтүстігіндегі Жосалы станциясына келген ревизорлық аппарат өкілдерімен бірге жолдардың жағдайын, нысандардағы электрмен жабдықтау, байланыс құрылғыларының жұмысын бақылап тексеру тобымен станциялық жолдарды, нысандарды аралап көрдік. Бөлімшенің жол шаруашылығы бойынша ревизоры Әмірхан Жүсіпбеков жол шебері Әділ Сартаев пен 6-разрядты жол жөндеуші Болатбек Шакиевті жанына ертіп, станциялық жолдардың әр метрін мұқият тексеріп, талап деңгейін анықтауда.

– Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі бойынша Сексеуіл-Қоскөл, Сексеуіл-Шорнақ телімдеріндегі локомотив, вагон, белгі беру, электрмен жабдықтау және жол шаруашылықтарында қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйін тексерудеміз. Қазіргі таңда ауа температурасының күрт жоғарылауына байланысты теміржол бойында қар суының жиналып қалуының алдын алу, теміржол төсемдерінің жағдайын сараптау, тоңның жібіп, жолдың ауытқуы секілді қолайсыздықтарды болдырмау үшін ревизорлық аппарат құрамы жол бойын түгел тексеруден өткізіп, бекеттердегі теміржолшыларға осы жағдайларды түсіндіріп келеміз. Табылған олқылықтарды дер кезінде тіркеп, оны жедел жою жұмыстары да қоса қабат жүріп жатыр. Әзірге аса қауіпті кемшілік анықталған жоқ. Бүгін Жосалы станциясын тәмамдап, әрі қарай келесі бекетке аттанамыз, – деді жол шаруашылығы ревизоры Әмірхан Жүсіпбеков. 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті