Жол шаруашылығына көңіл бөлінуде

Инфрақұрылым
07.08.2020, 11:43
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесі компания басшылығы қойған міндеттерді жүзеге асыру және бекітілген жоспарларды орындау мақсатында тиянақты жұмыстар атқарып келеді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі толық сақталып, апатты жағдай, пойыздардың аударылуы, өндірістік жарақат, қиындықтар, басқа да келеңсіз оқиғалар тіркелмеді. 

Инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, кеңейту, технологиялық процестерді жетілдіру мақсатында жол шаруашылығы бойынша өткен жылдары 29,26 шақырым жол күрделі жөндеуден өткен.

Соның ішінде Атырау жол дистанциясына қарасты 496-Теңдік, ТаскескенҚарабатан, Атырау станциясының 3-3А жолдарына 12,90 шақырым жолға күрделі жөндеу жасалды. Ал Құлсары жол дистанциясында 16,95 шақырым жол салу керек болып, ст.Бейнеу-рзд. 460 аралығында 10391057 шақырым жол аралықтарының ескі темір жолы түгел алынып, орнына неміс технологиясымен жасалған қапсырмалы темір-бетонды шпалдар салынып бітті. Атырау-Мақат аралығында 12,3 шақырым, ҚұлсарыМақат аралығында 16,132 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті.

Бөлімшеде ай сайын МДК, ПС сынды заманауи мобильді диагностикалық құралдармен белгіленген кестеге сай жол сапасы тексеріліп отырады. Жолдың сапасы балдық жүйемен өлшенетінін ескерсек, 2020 жылғы 6 айда жоспардағы 75 балл орнына 56 балл болып, жол күтімі «жақсы» деп бағаланып, 134 пайызға орындалған. Соның ішінде Атырау жол дистанциясы 80 балл орнына 68 балл немесе 118%; Құлсары жол дистанциясы бойынша 64 балл орнына 34 балл болып, орындалуы 188% құрап отыр.

Жолдың сапалы жөнделуі жүк және жолаушылар пойызының жылдамдығына жағымды ықпал ететіні анық. Өткен 6 айда ескі рельстерді жаңасына ауыстыру бойынша 6,8 шақырым жолдың рельсі ауыстырылған.

Сондай-ақ биылғы жылға бөлімше бойынша Кенбай-Жамансор аралығында 6,91 км күрделі жөндеу жұмыстары 4-ші тоқсанға жоспарланып отырса, 4-5 Рзд, Исатай 11 Рзд, Бақсай-16 разъезінде барлығы 5 шақырым орташа жөндеу алдағы айларға межеленіп отыр. Сонымен қатар бүгінгі күнге Атырау жол дистанциясы бойынша Сағыз-Мақат аралығында 6,8 шақырымға Жейсмар №5099 жол машинасын қолдану арқылы 2200 темірбетон шпал мен рельс плеттері төселген.

Жол бойына мал өтпес үшін қоршау салу да кезек күттірмес шаруалардың бірі. Соған сәйкес, Атырау жол дистанциясы бойынша биылға 110 шақырым қоршау салу жоспары белгіленген. Қазіргі уақытта Рзд.3-Ганюшкино және Сағыз-Мақат учаскелерінде шұңқыр қазғыш машинасымен ағаш және темірбетон қоршау қадаларының орнын қазу, тікенекті сым орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған орай 20 адам уақытша жұмысқа тартылған. Көріп отырғанымыздай, бөлімше бойынша, әсіресе, жол шаруашылығына айрықша көңіл бөлінуде. Жалпы, тек жол шаруашылығы емес, бөлімшенің барлық құрылымдары жұмысын жүйелі жүргізіп келеді. 2019 жылдың салалық жарыс қорытындысы бойынша Атырау магистральдық желі бөлімшесі ІІ орынды, 2020 жылдың алғашқы тоқсанымен ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ Атырау электрмен жабдықтау дистанциясы да биылғы жылдың бірінші тоқсанында салалық жарыста ІІІ орыннан көрініп отыр.   

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады