Қызылорда-Белкөл телімінде жарты шақырымдық жалқы рельс қолдың күшімен ауыстырылды

Инфрақұрылым
17.08.2021, 09:38
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда-Белкөл телімінде жолшылар бес сағаттық толаскез алып, жолдың жарты шақырымға жуық түйіспесіз рельсін ешбір техниканың көмегінсіз, өз күштерімен алмастырды. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Марат Оңалов басқаратын Қызылорда жол дистанциясының жолшылары телімнің 2822 шақырымында басталған жұмысты белгіленген уақытта бітіріп, 487 метрлік түйіспесіз рельсті алмастырып үлгерді. Жұмысқа дистанцияның 2-өндірістік телім басшысының орынбасары Рүстем Досымов, 2-5-6-7-айналым шеберлері Алпамыс Белгібаев, Асылбек Бекниязов, Әнуар Қосымбаев, Мақсат Әбдіраман мен Жомарт Дәненов және жолшылар жабылып, бас-аяғы 40 шықты адам жұмылып, берілген уақытты тиімді пайдалануға күш салды.

– Бүгінгі толаскезде 487 метрлік түйіспесіз рельс ауыстырылатындықтан алдын ала дайындық жүргізілді. Дайындық барысында жолшыларға арнайы пысықтау инструктажы өткізілді. Шиелі, Шорнақ және Қараөзек телімдерінен көмекке жолшылар шақырылды. Жаңадан рельс асты төсеніші салынып, түйіспесіз рельс орын ал- мастырылып қайта бекітілді. Мұндай толаскез кезінде барлық жұмыс қолмен атқарылады, себебі мына жер тар әрі көпірдің үсті, әрі қаланың ортасы, айнала тығыз орналасқан тұрғын үйлер болғандықтан жұмыс ұқыпты қолмен атқарылғаны дұрыс. Алдын ала белгіленген жұмыс көлемін бөліп алған жолшылар бірнеше топқа бөлініп, бірінің соңынан бірі конвейер секілді жұмыс жасап, техниктер оның сапасын бақылап отырды, – деді дистанцияның өндірістік телім басшысының орынбасары Рүстем Досымов.

Қолмен атқарылғандықтан асқан шеберлік пен дәлдікті қажет ететін «зергерлік жұмыстың» басы-қасында Сейдахмет Тасқынбай, Қанағат Зайыров және Айбек Есімов сынды тәжірибелі жол жөндеушілер жүргені, оның сапасына сын келтірмейді деген сенімде телім басшысы. Бұл телімде қос жол болғандықтан пойыздар толаскез жүргізіліп жатқан учаскеден кідіріссіз өткізілді.

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты