Ескі құрылғылар кейде пойыздарды бөгелте бастады

Инфрақұрылым
20.08.2021, 13:33
Оқуға 2 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Ағымдағы жыл басынан бері Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы теміржолшылары тарапынан пойыздық және маневрлік жұмыстар кезінде қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына жол берілген жоқ. Дегенмен байланыс құрылғыларының ақауы тіркелген. Жеті ай ішінде дистанция телімдерінде құрылғылардың бұзылуына байланысты жұмыстан тыс қалуы бірнеше мәрте қайталанғанмен, дер кезінде мамандар тарапынан жұмысқа әзірлеп қосу шарасы жасалған. Құрылғылардың жұмысқа жарамсыз болып қалуының түрлі себептері бар. Ең бірінші әсер ауа-райының тұрақсыздығы, аңызақ жел, жауын-шашын болуынан құрылғы тетіктеріндегі бекітпелерінің босауы, түсіп қалуы, тоттануы секілді жағдайлар себеп болатындығы анықталған. Мәселен, Шиелі ЦРП-10кВ торабынан таратылатын сыртқы электр желісінде қуаттың болмауы себепті Бақтысай-Бәйгеқұм участогында жылжымалы құрамның кідіруі орын алса, Жалағаш станциясында ДСП басқару-таблосындағы қабылдау-жөнелту жолдарының «бос еместігін» көрсеткен сигнал берілген. Тексеру барысында 2743 шақырымның 9 пикетінде П8 топтық муфты мен ЭО постының арасын байланыстыратын СБПУ-12х2 кабелін суық қолдар ұрлауға әрекет жасап, үзілгендігі анықталған, іс құзырлы органдарға тапсырылыпты.

– Байланыс құрылығыларын технологиялық талапқа сай күтіп баптап, пойыздарды телімдерден кідіріссіз өткізу – міндетіміз. Жаңа технологиялармен қамтамасыз ету жүріп жатқанымен, ескі құрылғылар мен байланыс желілері әлі де қолданыста жүр. Сондықтан техникалық құрылғылардың жұмыстан тыс қалуына әсер ететін факторлар ретінде, ескіруден бөлек, эксплуатациялық штаттың кей жағдайларда қосалқы жұмыстарды атқаруға мәжбүр болуы, ескі құрылғылардың әлі күнге дейін пайдаланылуы мен техникалық қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілмеу де байланыс құрылғыларының тұрақты жұмыс жасауына кері әсер етеді, ескінің аты ескі, – деді дистанцияның техникалық бөлім басшысы Нұрлан Жүсіпбаев.

Дистанциялықтар шілде айы ауа райының аса ыстық болуына қарамастан өздеріне жүктелген тапсырмаларды толық атқарып, ағымдық күтім, технологиялық тексеріп бақылау, ескісін жамап-жасқап жұмысқа қолдану шараларын нәтижелі жүргізе білген. Бақтысай, 16-бекет, Бәйгеқұм, Анакөл, 20-бекет пен Шиелі бекеттеріндегі СП-6 типті бағыттамалық электро бұрмалар Р80 типімен жаңалап ауыстырылған. Жайылма, Жаңақорған, Төменарық, Қараөзек, Тереңөзек станцияларында бағдаршамдарды жарықдиодты модульдермен алмастыру, ТМ-18 және ТМ-15 блогындағы КПТШ трансмиттерін жаңалау жұмыстары жасалған. Майлытоғай, Шиелі, Тереңөзек бекеттерінде бағдаршамдар жарық диодты түріне алмастырылса, бірқатар бағдаршамдардың желісін монтаждау жұмыс- тарын жүргізген. Жалпы, дистанция теміржолшылары жыл басынан бергі жеті айда пойыздық, маневрлік жұмыстар кезінде 115703 пойызды КТСМ арқылы бақылағанда құрылғылардың көрсетуі бойынша 27 пойызды тоқтатып, тексеруден өткізген. Сараптама нәтижесінде пойыздардың тоқтатылуына кедергі болған ақаулықтар мамандар тарапынан толық дәлелденген.

Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік