Контейнерлік вагондар құрамасының сыйымдылығы үшін жолдар ұзартылып жатыр

Инфрақұрылым
27.08.2021, 10:10
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің басшылығымен аймақта аса ауқымды жол табанын жаңғырту жұмысы басталды. Станциялық жолды 800 метрден 1650 метрге дейін ұзарту жұмысы бұл өңірде бұрын-соңды болмаған, бірінші рет қолға алынып отыр. Қызылорда темір жолының Керкелмес станциясындағы 1-ші жолды ұзарту үшін кеше алғашқы 4 сағаттық толаскез алынды. Сағат 12.00-де басталған жұмысқа Қызылорда жол дистанциясының бүкіл техникасы мен 3 учаске жолшыларынан бөлек, қалпына келтіру пойызы техникасы мен байланыс және белгі беру дистанциясының жұмысшылары тартылды. Барлығы 30 шақты адам күні бұрын белгіленіп, келісілген жұмыс көлемін өлшеулі уақытта бітіруге тырысып, іске қызу кірісті. Бүгін жер төсемін дайындап, жолдың үстіңгі қабатын салып үлгерулері керек, ертең тағы да он сағаттық толаскез алынып, байланыс құралдары мен стрелка бұрмаларын орнықтырып, жолды іске қосу жұмыстары жүргізіледі. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі бастығының орынбасары Ербол Оңғарбаевтың басқаруымен жол дистанциясының орынбасары Абдулла Досымов пен Қызылорда ЖТ қауіпсіздік бөлімінің бастығы Бекжан Өтеулиев негізгі жұмыс көлемін атқарып жатқан Қызылорда қалпына келтіру пойызының ЕдК-300/2 кранының жұмысын қадағалауда, рельс кесетін, тесетін, дәнекерлейтін, көтеретін, шпал таситын әмбебап техника МпТ кранының жұмысын да бақылауда. Жолшыларда шағын механизация құралдары жеткілікті.

– Бүгінгі таңда Қазақстан темір жолында ұзынқұрамды контейнерлік құрамдар қозғалысы жанданғаны белгілі. Біз бүгін сол ұзын құрамды пойыздар сыймай қалмас үшін 800 метрлік станция жолын 1650 метрге дейін ұзартып жатырмыз, бұл Қызылордада бірінші рет салынуда. Станцияның жолына пойыздар қарама-қарсы келіп қиылыспас үшін бұл бүгінгі таңда аса қажет жоба, – дейді Қызылорда магистральдық желі бастығының орынбасары Ербол Оңғарбаев.

Тамыздың соңғы күндері болса да Қызылорданың аптап ыстығын елең қылмастан ортақ іске жұдырықтай жұмылған теміржолшылар тынымсыз төрт сағат бойы жұмыс істеді, техниканың дүрілдеген дыбысы ен даланы жаңғыртып, 800 метрлік ескі жолға жалғасатын тағы 800 метрден асатын жол төсемін дайындап, байланысшылар # 5 стрелканы жылжытып, ертеңгі негізгі жұмысқа сақадай сай етіп бітірді. Ертең жұмыс тағы да жалғасады...

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты