Қызылордалық теміржолшылар аймақта алғаш рет станциялық жолды 1650 метрге ұзартты

Инфрақұрылым
03.09.2021, 11:29
Оқуға 2 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қызылорда жол дистанциясының жолшылары аймақта алғаш рет станциялық жолды 1650 метрге дейін ұзарту жұмысын екінші күні, 10 сағаттық толаскезде сәтті аяқтады. Қызылорда-Шиелі учаскесіндегі Керкелмес бекетінің 1-ші жолын ұзарту жұмысының алғашқы күнгі 4 сағаттық толаскезде жер төсемі дайындалып, ертеңгі он сағаттық толаскезде белгіленген уақытты тиімді пайдалана білген теміржолшылардың кәсіби іс-қимылы нәтижесінде межеленген жұмыс толық мәреге жетті, пойыздар кестесінде кідіріс болмады. Алдымен өткен толаскезде салынған жолды Шу машиналандырылған жол дистанциясынан көмекке келген «Унимат» жол техникасымен тегістеп, жолдың төсеміне салынған қиыршық тасты 70-80 мм дейін тығыздап, талапқа сай бабына келтірді. Қажет жерінде машинаның бункеріне жиналған қиыршық тасты төсеп, блокпен ұрғылап, шпал жиегін жауып шықты. Тіпті жол түйіспелері қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндірмес үшін және технологиялық талапқа сай болуы үшін машинамен екі қайтара нығыздалып бақылау жасалды.

– Қытайдан шығарылатын ұзынқұрамды немесе контейнерлік пойыздар батыс Еуропа мен Азия елдеріне еліміз арқылы қатынауда. Қазіргі таңда бұрын 34 шартты бірлікпен сапарға шығатын пойыздар құрамы 113-114 шартты бірлікке дейін жеткізіліп, ұзынқұрамды болып тасымалдануда. Бұл пойыздар стандартты вагондардан 1-1,5 есе ұзын болғандықтан бұған дейін тасымалданған пойыз құрамдары сыйған станция жолдарына олар сыймай қалып, қарсы келе жатқан пойыздарға кедергі келтіріп, пойыздардың «кептелісі», тіпті қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу ықтималдығы туындап, қауіпсіздіктің алдын алу үшін осындай жобалар іске асырылуда. Кеше 4 сағаттық, бүгін 10 сағаттық толаскез белгіленіп, жолшылар межелеген жұмысты сапалы атқарып шықты, – деді толаскез жұмыстарын қадағалап жүрген қауіпсіздік бөлімінің бастығы Бекжан Өтеулиев.

Уақыты шектеулі толаскез кезінде әрбір минуттың қымбаттығын сезінген жолшылар расымен барын салды. Тіпті бес-алты жолшының бетон шпалды арнаулы арқанның көмегімен жылжытып, рельс астына төсеп жатқанын көзіміз шалды. Неге қолмен деген сауалымызға, мұндай тар жерде трактор, кран секілді арнаулы техниканың келіп жұмысқа жегілуі уақытты жоғалту, одан да осы тиімді тәсіл дұрыс деп шешкендерін жеткізді. Жігіттердің еңбегіне ерекше алғыс айтар едім, мұндай жобамен аймақтағы алғашқы тәжірибеміз ғой, –деді толаскезге бірден бір жауапты маман Абдулла Досымов. Жол дистанциясы кәсіподағының төрайымы Ғалия Ноғайбаева жұмысшыларға түскі ас ұйымдастырып, ыстық шәймен, бәлішпен сыйлады. Қалпына келтіру пойызының ЕДК 300/2 краны, текилаж вагоны, керек кезде рельсті кесіп- тесіп, таситын, дәнекерлейтін әмбебап МПТ-1233 машинасы, шағын механизация құралдарының да жолшыларға көмегі аз болған жоқ.

Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті