Кәсіпкерлікті дамыту үшін темір жол тұйықтарын салу - басты міндет

Инфрақұрылым
24.09.2021, 11:02
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Еліміздің шығысында соңғы үш жылда 198 шақырымды құрайтын теміржол және автомобиль жолдары жаңадан салыныпты. Олардың барлығы кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында инженерлік-инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын жүргізу бойынша қолға алынған. Теміржол тұйықтары мен кірме жолдар салуда Семей ЖТ бөлімшесі республикада көш бастап тұр. Автокөлік және теміржол қатынасы үшін 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жалпы сомасы 3,7 миллиард теңгеге 31 жоба іске асырылыпты. Бұл жо- балар жолдар мен теміржол тұйықтарын түрлі кәсіпорындарға жеткізу бойынша жұмыстарды құрайды. Оны негізінен орта бизнесті қолдау мақсатында облыс әкімдігі қаржыландырған. Соның нәтижесінде Жаңа-Семей, Аягөз, Жаңғызтөбе, Шар станциялары бойынша жаңадан тұйық желілер салынған және әрі қарай да жалғаспақ. Себебі, қазіргі таңда түрлі кәсіпорындардан, оның ішінде агроөнеркәсіптік сектордан 9 өтінім өңделуде. Яғни, астық элеваторлары мен өсімдік майын өңдейтін зауыттарға, құрылыс заттарын өндіретін кәсіпорындарға жаңадан теміржол тұйықтарын салу қажет. Осы орайда инфрақұрылымды дамыту үшін арнайы жобаларды іске асыру бойынша бірқатар жоспарлар бар. Жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген, сараптамалардың қорытындылары дайын нысандарға облыс әкімдігі қаражат салуға дайын. Бұл ретте белсенді құрылыс жүргізіп жатқан кәсіпкерлердің де саны артып келеді. Мәселен, Семейдегі былғары кәсіпорны мен Глубокое қаласындағы май экстракциялық зауытын алуға болады. Дегенмен теміржол салу бойынша Жаңғызтөбе станциясының қызметін пайдаланатын түсті металл кенін өндіруші кәсіпорындар алдыңғы орында тұр. Олардың тарапынан екі өтінім орындалған. Жалпы Жарма өңірі бойынша, өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы тоқырау тұсында жабылып қалған байырғы кен орындары қайта ашылып жатыр. Соның нәтижесінде әлеуетті клиенттер тарапынан тұйық желілер салуға байланысты ұсыныстар көптеп түсуде. Бұл тарапта тағы үш өтініш келіп түсіпті. Сондай-ақ, пайдаланусыз қалған кірме жолдар мен қосалқы жолдар толықтай орташа жөндеуден өтіп, қайтадан пайдалануға берілген. Сонымен қатар, Аягөз станциясы бойынша да тұйық желі салу ісі қарқынды. Ал, бұл шаралардың барлығы Семей ЖТ бөлімшесі үшін тың жауапкершілік жүктемек. Бөлімшенің қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Дәулет Сүлейменовтің айтуынша, қазіргідей астық және көмір тасымалы қызған шақта маневрлік тепловоздарға түсетін тапсырыс саны күрт артып, вагондарды дер кезінде жинап алудың өзіндік қиыншылығы туындайтын көрінеді. Әйтсе де, жаңадан жол салынып, желінің ұзаруы жұмыс көлемін де арттыратыны хақ.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды