Атырау теміржолшылары заманауи технологиялардың шарапатын көруде

Сұхбат
15.02.2022, 17:39
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесінің өндірістік көрсеткіштері соңғы жылдары көз қуантарлық. Қауіпсіздіктің бұзылуы азайып, жол сапасы артып келеді. Мекеме директорының бірінші орынбасары Жәнібек Жүнтүрбаевпен бөлімшенің бүгінгі ахуалы жайлы әңгімелескен едік.

– Жәнібек Сәуірбайұлы, бүгінгі таңда өңірдегі магистральдық жолдардың, жалпы инфрақұрылымның жай-күйі қалай?

– Атырау магистральдық желі бөлімшесінің жұмысы қанағаттанарлық, 2021 жылды табысты аяқтадық. Қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзушылық орын алған жоқ. Әрине, ең бірінші жол сапасына басымдық берілуде. Өткен жылы 55,53 км жолды күрделі жөндеуден өткізіп, жолаушылар пойызының жылдамдығын 60км/ сағ – 120км/сағатқа, жүк тасымалы пойызының жылдамдығын 50км/ сағаттан 100км/сағатқа арттыруға қол жеткіздік. Байланыс-белгі беру, электрмен қамту саласы бойынша да күрделі жөндеу бірқатар ескі желілерді жаңартты. Өкінішке орай, тепловоздарды шұғыл тежеу мен мал басу азаймай тұр, темір жол бойында иесіз жүрген мал көп. Бөлімше бойынша өткен жылы 100-ге жуық мал басу оқиғасы, ал локомотивті шұғыл тежеудің екі жүзден астам жағдайы тіркелген. Филиалдың жол шаруашылығы қызметкерлері күшімен 2021 жылы 100 км көлемінде теміржолға мал өткізбейтін қоршау салынды, оның ішінде ПЧ-9-Аты- рау – 70 км, ПЧ-11-Құлсары – 30 км. Жұмыс желтоқсанға дейін жалғасты.

– Жаңа технологияларды өндіріске енгізуде қандай жетістік- теріңіз бар?

– Маңғыстау-Бейнеу-Оазис-Мақат-Атырау-Ақсарай учаскелерінде ұзындығы 1196 шақырымды құрайтын диспетчерлік орталықтандыру қондырғысы түбегейлі жаңартылды. Нәтижесінде байланыс бұрынғыдан әлдеқайда жақсарып, енбек үдерісінің үдеуіне жағымды ықпал етуде. Талшықты-оптикалық байланыс желісі (ВОЛС) кабелі жүргізіліп, байланыс айтарлықтай жақсарды. Ақпарат беру жеделділігі, әсіресе мәліметтер беру желісі арқылы әлдеқайда артты. Сондай-ақ, барлық аймақ бойынша DX-500 арқылы телефон байланысы орнатылды. Ол арқылы халықаралық сөйлесулер комутатордың қосуынсыз немесе «8» байланыс нөмірінсіз мүмкін болды, яғни сөйлесулер жедел әрі тегін. Ресейдің Астрахань қаласымен шектесетін Ақсарай-2 мемлекетаралық түйіспе пунктінде Қазақстан бойынша экспедиторлардан транзиттік төлемдерді уақытылы алу мақсатында жүк кассирлері мен пойыз қабылдаушыларға арнап автоматтандырылған қосымша жұмыс орындары өз қызметін бастады. Бұл шекарада еңбек ететін қазақстандық теміржолшылар үшін жүйелі жұмыс тәсілі болып табылады.

Сондай-ақ, Бәйтерек және Бек-бике станциялары бойынша да пойыздар және вагондармен атқарылған жұмыстардың мәліметтерін ақпараттық жүйеге мерзімінде өткізу мақсатында станция кезекшісіне арнап қосымша автоматтандырылған жұмыс орындары қамтамасыз етілді. Бұрын қанша вагонның келіп кеткені, станция жұмысына қатысты басқа да мәселелер телефон байланысы арқылы айтылса, енді барлық ақпарат автоматты түрде компьютерде көрініп тұрады. Сағыз станциясынан Ганюшкино станциясына дейінгі жол телімі ВОЛС желісіне қосылып, мұнда да ақпаратты үлкен көлемде және шұғыл беруге жағдай жасалды. Белгі беру және байланыс шаруашылығы бойынша бірқатар учаскелерде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүріп бара жатқан қозғалмалы құрамның техникалық жағдайына автоматты бақылау жасайтын құрылғы (КТСМ) іске қосылды. Атап айтқанда, Құлсары және Атырау дистанцияларында Мақат-Құлсары учаскесі бойынша Бек-Бике разъезінде, Құлсары-Бейнеу учаскесінде Қоркөл станциясында, Атырау-Ақсарай учаскесі бойынша Тұманды мен Д.Нұрпейісова бекеттерінде 7 дана контейнерлік типтегі жаңартылған модульді техникалық құралдар кешені ор- натылды. Мақат, Ақжайық станцияларында «Модернизация ЛАЗ» жобасы аясында желілік-аппаратты залдарда каналдарды нығыздаудың жаңа буынды қолжетімді, заманауи интеллектуалды мултисервистік концентраторға модернизациялау жүзеге асырылды. Атырау электрмен жабдықтау дистанциясы бойынша 2021 жылы Ақжайық, Махамбет, Құлсары станцияларына қозғалыс және еңбек қауіпсіздігіне пайдасы зор 292 дана жарықдиодты лампа салынды. Ал, Аққыстау станциясында жаңа подстанция пайдалануға берілді. Міне, осындай жаңа технологиялар өндірісті жаңартты.

– Бүгінде халықаралық пойыздар қатынасы тоқтап тұр, ол вокзалдар жұмысына кері әсерін тигізбеді ме?

– Жоқ, керісінше, вокзалдарда жолаушыларға қызмет көрсету сапасы өткен жылдарға қарағанда анағұрлым жақсы. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Вокзалдар қазіргі заманға сай технологиялармен қамтамасыз етілген. Ал билет мәселесі бұрынғыдай проблема емес, ол үшін вокзалға келудің де қажеті жоқ, жолаушы билеттерінің электрондық жобасы баршаға қолжетімді. Бірыңғай 105 санды орталықтандырылған анықтама беру жүйесі арқылы кез келген ақпаратты білуге болады.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады