Отандық рельстер төселуде

Жаңалықтар
20.01.2017, 10:26
Оқуға 2 мин
Маңғыстау өңірінде биылғы қыс жұмсақ болып тұр. Сондықтан жолшылардың желтоқсанда басталған күрделі жөндеу жұмыстары 10 және 11 бекеттер арасында «Теміржол жөндеу» ЖШС-ның СМП Бейнеу филиалымен еш кедергісіз жалғасын табуда. Қазір 18,9 км бойына рельс бунақтары төселуде. Өндірістік-техникалық бөлім бастығы Бектөре Орысбаеваның айтуынша, биыл Өзен – Маңғыстау телімі бойындағы 20 км жол күшейтілген орта жөндеуден өтпек. Р43 типіндегі рельстер су жаңа Р65 типіндегі ауыр рельстерге алмастырылмақ. Сондай-ақ, рельс астындағы топырақты үйінділер орнына қиыршық тастар төселмек.  Біз барғанда  «Тамақ» бекеті мен 16 бекет арасындағы 391-392 шақырымда 40-қа жуық жол шаруашылығының мамандары қауырт жұмыс жүргізуде екен. Сом балға мен сүйменді құлаштай үйіріп, шойын жолдың тетіктерін босатып, ақаутапқыш техника мен құралдар көмегімен ақаулы рельстерді анықтап, жолды өлшеп-пішіп, жұмыла жұмыс істеп жатқан жолшылар шыңылтыр аяз болмаса да салқын да сызды ауа райының суықтығын елемей, сырт киімдерін шешіп тастап кіріскен. Екі шақырымдық жолға рельс төсеудің қамына кіріскен жолшылар ертеңгі болатын «толаскезге» дайындық үстінде екен.  Маңғыстау жол дистанциясының №4 телім бастығы Тұтқабай Оңғаров жігіттердің  жіті қимылын бақылап-басқаруда. ─ Ақтөбеден 2 шақырым рельс әкеліп, перегонға түсірді. Кеше 350 метр аудардық, бүгін жоспар бойынша тағы да осынша метр төсейміз деп отырмыз.  Жалпы қазір қисық телімдердегі тозығы жеткен рельстерді тұтастай алмастыру жұмыстары жүріп жатыр. Жоспар 5,9 км. Ақтөбе зауытынан әкелініп, салынып жатқан отандық рельстер сапасы жағынан талас тудырмайды. Ара-тұра қар ұшқындап, күн суытқаны болмаса, қыстың қаһарына мінбей әлі де жаймашуақ мінез танытуы да бізге болысып тұр. Барлық жұмысты алдын ала дайындап алып, тек жолды аударып төсеу кезінде ғана «толаскез» алып, жұмысты кестеге сай жүргізіп жатырмыз, - дейді Тұтқабай Оңғаров. Жолшыларға «ЖЕЙСМАР» фирмасының жол техникалары мен станоктары   үлкен көмегін тигізуде. Рельсті кесіп те тесіп, әрі болттарды бұрап, қатайтып, түзетіп, тегістеп, қысқасы рельс төсеуде қыруар жұмысты жалғыз өзі атқаруға қауқары бар станоктар жолшылардың қол жұмысын көп жеңілдеткен.

Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды