Шымкенттегі станцияларда қауіп-қатердің алдын алуға арналған рейд өтті

Жаңалықтар
13.05.2022, 10:40
Оқуға 1 мин

Жаяу жүргіншілер темір жолда қауіпсіздік ережесін жиі бұзатын өңірлердің бірі – Шымкент қаласы. Мәселен, осы жылдың 4 айында 4 қайғылы оқиға орын алып, оның біреуі өлімге әкеп соқтырды. Басты себеп – тұрғындардың бейғамдығы.

Оның сыртында жыл басынан бері машинистер жолға адам шығып кетуіне байланысты 14 рет пойызды шұғыл тоқтатуға мәжбүр болған. Бұл жерде ескере кететін бір жайт, пойыз автокөлік емес, тоқтауы қиын. Тежеуішті басқаннан кейін бір шақырым жүріп барып тоқтауы мүмкін. Осыны кейде білместіктен, кейде біле тұра асығыстықтан немесе абайсыздықтан ереже бұзатындар аз емес. 

«Қазақстан темір жолы» компаниясы қомақты қаржы жұмсап, пойыз өтетін ауыл-аймақтардағы жолдарға қоршау орнатады. Соған қарамастан темір жол маңында тұратын тұрғындар, соның ішінде балалар да бар, өз өмірлерін қатерге тігеді. Онымен қоймай қоршау материалдарын ұрлап кетіп жатады. 

Темір жол – өте қауіпті аумақ. Ол титтей де болсын қателікті кешірмейді. Сондықтан темір жол ережелерін барынша сақтаған абзал. Шойын жолды жағалай қонған тұрғындарға осы қауіп-қатерді түсіндіріп, тәртіп бұзғандарды анықтау үшін темір жол қызметкерлері, әскерилендірілген темір жол күзеті және көлік полициясының өкілдері Шымкентте арнайы рейд өткізіп жатыр. Қарекеттің басты мақсаты – жазықтыны жазалау емес, қайғылы жағдайдың алдын алу.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды