«Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медпойыздары 60 мың адамды қамтымақ

Жаңалықтар
09.08.2022, 11:33
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» арнайы мамандандырылған медициналық пойыздары сапарға шыққан екі айдан астам уақыт ішінде 20 мыңнан астам адамды қабылдап үлгерген.

«Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы шамамен 16 000 адамды қабылдап, қызмет көрсеткен. Оның ішінде 6 мыңға жуығы – бала. Дәл қазір пойыз Батыс Қазақстан облысының шалғай станцияларын аралап жүр. 

Ал «Саламатты Қазақстан» пойызы шамамен 4500 адам қабылдаған. Оның ішінде 600-ге жуығы – бала. Бүгінде Павлодар облысында қызметін жалғастырып жатыр. Облыстың 9 станциясына аялдаған консультациялық-диагностикалық пойыз дәрігерлері 857 тұрғынды, оның ішінде 104 баланы тексеруден өткізіп, қажетті қызмет көрсеткен. 

Консультативтік-диагностикалық пойыздың дәрігері Сәкен Кәкеновтің айтуынша, облыстың шалғай ауылдарының тұрғындары арасында жиі кездесетін аурулар: аралас астигматизм, артрит, артроз, жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы бронхит, артериялық гипертензия. Сондай-ақ, жобаға екінші рет қатысып отырған дәрігер шалғай ауылдардың тұрғындарына мамандар берген кеңестерді ұстануға, тағайындалған препараттарды қабылдауға кеңес беретінін атап өтті. 

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 2022 жылдың соңына дейін еліміздің 67 шалғай станциясына барады деп күтілуде. Пойыз бағыты Қазақстанның 10 облысын қамтиды. Ал «Жәрдем» медициналық пойызы Батыс Қазақстан облысында 9 тамызға дейін болады. Қос пойыз биылғы маусымда жалпы саны 60 000 адамды қамтып, медициналық қызмет көрсетеді деп күтілуде.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады