Жол бойының тазалығына кім жауапты?

Жаңалықтар
09.06.2016, 10:08
Оқуға 2 мин
Темір жол жиегіне орналасқан елді мекен тұрғындарының тұрмыс қалдықтарын жол бойына тастап, қоқыс алаңына айналдыруы – күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе.   Шымкент жол дистанциясындағы 3318 шақырымның бесінші пикеті, 3319 шақырымның үшінші және алтыншы пикеттерінің бойы жолшылардың бас ауруына айналғалы қашан.  Дистанцияның бас инженері Нұралхан Мұсаевтың айтуынша, жолшылар өздеріне тиесілі аумақты жіті қадағалап, тазалап тұрады. Бірақ, сол маңдағы кейбір тұрғындар үйлерінен шыққан тұрмыстық қалдықты жол жағасына әкеп төгуді дағдыға айналдырғаны сонша қанша жыл күресіп келе жатса да, нәтиже болмай отыр. – Осы бойынша Сайрам ауданының әкімдігі мен «Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық» мекемесіне хат жолдадық. Билік өкілдері мен  аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары қадағалап, қоршаған ортаның тазалығы үшін, тұрғындарға айыппұл салып, шара жасауын сұрадық. Жолшылар жолдың күтімін жасай ма, тұрғындардың қоқысын жинай ма, бұл қашанғы жалғаса бермек?  Әрі Шымкент – Манкент телімінен күніне отыздан аса жолаушылар пойызы өтеді. Ары-беріден келе жатқан жолаушылардың бәрі осы лас жерлерді көреді, – дейді бас инженер шарасыз бас шайқап. Дистанцияның еңбек қорғау инженері Қалия  Иманбекова аталған аудандық әкімдік мамандары хатпен танысқанын, жақын уақытта бұл істі қолға алатынын айтқанмен, нақты әрекет байқалмай тұрғанын айтады.  

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды