Әрқашан күн сөнбесін...

Жаңалықтар
09.06.2016, 12:55
Оқуға 2 мин
Балалар қорғау күнін Сыр өңірі теміржолшыларының  бүлдіршіндері қалалық мәдениет және демалыс паркінде асфальтқа сурет салу сайысынан бастады. «Қазақстандық салалық теміржол, автомобил, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалы кәсіподағы  ұйымдастырған сайыста  балақайлар кәнігі суретшілердей түрлі-түсті қаламдарды керегінше пайдаланып, бас-аяғы 20-30 минутта шаршы алаңды суретпен өрнектеп жатты... –Сурет салған 30 шақты балдырғанның түрлі-түсті көркем туындыларының арасынан ең озығын таңдау біздерге оңай болған жоқ. Баланың балғын саусағымен ұстаған қаламмен салынған бейнелер асфальт бетін гүлге орады. Сондықтан бүгінгі сайысқа қатысқан бүлдіршіндердің бәрін сый-сияпатсыз қалдырмай, арнайы бес орын белгіледік те, өзге 29-ының бәріне сыйлық үлестірдік, – дейді балалар мерекесін ұйымдастырушы, «ҚР теміржолшылары кәсіподағы» филиал төрағасы орынбасары Бауыржан Ахметов. «Ана құшағындағы сәби», «Бәйтерек», «Астана», «Мәңгілік ел» секілді тақырыпта сурет салған өрендер ішінен 3 орынды Мария Ким, 2 орынды Бағжан Оразбайға және ана құшағындағы сәбиді бейнелеп, өзге балалардан оза шапқан Айдай Айбол 1 орынға лайық деп танылып, қазылар алқасының құрмет гармотасы мен арнайы сыйлықтарын иеленді. Бір қызығы, бүлдіршіндер салған барлық суретке күлімдеген күн бейнесі ортақ екен. Парктегі балаларды қорғау күні «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбындағы сурет салу жарысы барысында өрендер сый-сияпат алып қана қоймай, көңілді паровозға мініп паркте серуендеді, онан кейін тәтті балмұздақ жеп мерекені көңілді өткізді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды