Зияткерлік меншікті қорғау жайы сөз болды
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Ғылыми-техникалық ақпараттық орталығының кітапханасында «Зияткерлік меншік нысандары және олардың ҚР-да қорғалуы» тақырыбында семинар өтті.
Компанияның бас инженері Батыр Котырев пен компанияның техникалық саясат және реттеу департаментінің директоры Талғат Қанатбаев қатысқан шараға бас қосқандар үшін «Ұлттық Зияткерлік меншік институты» РМК мамандары тақырып аясында баяндама жасады.
–Өзекті мәселе көтерілуде. Зияткерлік меншік тақырыбындағы дәстүрлі шараларымыз жалғасуда. Өйткені алдымен авторлық құқықтың қорғалуын қамтамасыз етуіміз керек. Бұл алдағы уақытта өнертапқыштық, инновациялық бастамаларды ынталандыру, қолдау үшін өте қажет. Зияткерлік меншікті қорғау біздің компанияда да – ең басымдық берілетін міндеттердің бірі. Себебі ҚТЖ ғылыми зерттеу және сынақтық құрастыру, технология трансферті жұмыстарын жүргізетіні белгілі. Рационализаторлық қызмет жақсы жүргізіледі, сондықтан біз үшін зияткерлік меншік нәтижесіне қатысты құқықтарды басқару жүйесін құру мәселесі қашан да өзекті, – деді бас инженер.
Ұлттық компанияға қарасты зияткерлік меншік саласы – өндіретін өнім мен қызмет бойынша бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ететін маңызды факторлардың бірі. Мәселен, 2016 жылы компанияға авторлық құқық нысандарына құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 3 куәлік берілді. Қоғамның зияткерлік меншікті басқару жүйесі оны басқару органдары, осы мәселеге арналған нормативтік құжаттар және ЗМ нысандарын жасаушылардың моральдық стимулы мен материалдық жүйесінен тұрады. Зияткерлік меншіктің құқықтық қорғалуы компания имиджін көтеріп, экономикалық қауіпсіздігі мен беделін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл – сондай-ақ инвестиция тартудың өте мықты құралы.
Семинарда баяндалған мәселелер «Өндірістік меншік нысандарына арыз беру талаптары», «ҰЗМИ» РМК-мен өзара ақпараттық ынтымақтастық», «Тауарлық белгілер мен өндірістік үлгілерді тіркеуге арызды қарастырудағы кейбір мәселелер», «Өкім шартына сай өндірістік меншік нысандарына құқық беру», «Өндірістік меншік нысаны ретінде тиімді модель және өнертабыс», Өнертабыс пен тиімді модельдерге тапсырыс беру және құрастырудың жалпы талаптары» деген тақырыптарда болды. Теміржолшылар шара соңында семинардың жүйелі өтуіне қолдау білдірген аталған Ұлттық зияткерлік меншік институты ұжымына алғыс білдірді.
Райхан РАХМЕТОВА
Суретті түсірген Алексанжр ЖАБЧУК
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті