Тәжірибе мен жұмыс тәсілін шебер үйлестіріп...
Семей станциясының бастығы Ғабит Есқожанов жұмыс күні бір сағат бұрын басталады. Алдымен жол бөлімшесіне бас сұғып, станцияға қажетті құжаттар мен бұйрықтар, тапсырмалар болса танысып, әрі қарай станцияға бет алады. Мұнда алдымен бас сұғатыны – станция кезекшісінің жұмыс орны.
Станция кезекшісі өткен тәуліктегі ахуалмен таныстырып, пойыздар қозғалысының схемасымен таныстырады. Станциядағы вагондар саны, жүк тиеу мен түсіру, маневрлік жұмыстар ретімен танысып шыққан соң ғана кабинетіне бет алады. Жолшыбай бүгінгі жұмыс жоспары да басында пісіп-жетіледі. Таңертеңгілік басқосуда орынбасарларынан бастап жауапты мамандар мен қызметкерлердің тәуліктік нормасын анықтап, тың тапсырмалар жүктейді...
Семей станциясының бастығы болып тағайындалғанына аса көп уақыт өте қоймаса да, Ғабит Ғазизұлы осыған дейін бірталай жерде осы салада еңбек етіп, мол тәжірибе жинағандықтан жаңа жұмысқа тез бейімделіп, ортаға бірден сіңісіп кетті. Мұндағы жалпы ахуалмен танысып, қалыпты жұмыс ырғағына түскеніне екі айдан енді ғана асты. Қарапайым пойыз құрастырушысынан бастап, сатылай өскен кәсіби теміржолшы станцияның ішкі қызметін толық меңгерген. Қостанай және Алматы жол бөлімшелерінде еңбек еткен жылдары "Үздік станция бастығы"атағын екі мәрте алған мол тәжірибесінің арқасында, мұнда қазіргі күннің өзінде қауіпсіздік пен экономикалық көрсеткішті еселеуде тәп-тәуір жетістікке қол жеткізіп отыр.
Станция жұмысының бұзылмай, кестеге сай ырғақты жүрісін қамтамасыз ету үшін жүк тиеу-түсіру цехы мен жедел өкім беру цехының жұмысын қатты қадағалайды. Станция бастығының бірінші кезектегі «бас ауруы» – бос вагондар мәселесі. Теміржолшылар үшін ең басты талап – вагон бос тұрмау керек, «дөңгелектер үнемі айналуда» болуы тиіс. Сонда ғана табыс тауып, жоспар орындалатыны әр теміржолшының жадында жаттаулы тұр.
Станциядағы қат-қабат қауырт жұмыстармен қатар құжаттамалар мен келіп түскен бұйрық-қаулылардың кешіктірілмей рет-ретімен орындалуын қадағалау да бір міндет. Ал жұмыс күнінің соңы атқарылған шаруаларды ой елегінен өткізіп, қорытындылаумен аяқталады. «Не істелді, нендей іс жүзеге аспады? Станция басында қанша вагон неше тәуліктен бері бос тұр, қаншасы қандай бағыттарда аттандырылды. Локомотившілермен жұмыстың тиімділігі қандай? Алдағы жоспарға нені енгізу керек?» деген сауалдар арқылы есеп алу, ертеңін ойлайтын станция бастығының негізгі ұстанымы. Бұл Ғабит Ғазизұлының көп жылдық тәжірибесінен түйген жұмыс істеу тәсілі.
Семей станциясында бүгінгі таңда 238 адам еңбек етсе, оның отыз пайызы жастар. Міне, осы өскелең буын өкілдерін «от пен суға салу» станция бастығының тағы бір қыры. Олардың жұмысын бақылап, кемшілігі болса өз қолымен түзеткізгенше қыр соңынан қалмай, қызметтік тұрғыдан сауалдар қойып, ортақ мәселені талқылауда жастардың пікірін тыңдауды жөн санайды. Дұрыс болса да, бұрыс болса да, әркім өз пікірі мен көзқарасын білдіруге міндетті деп үйретеді. Станция басшысының пікірінше, бұл қызметкердің кәсібилігін шыңдауда берері мол шара.
–Қазіргі теміржолшы жастардың батылдығы мен білімге деген құштарлығы талас тудырмайды, тек оларды өндірісте жақсылап қайрап, шыңдау керек. «Станция кезекшісінің көмекшісі» атты сары мұқабалы кітап қолынан түспейтін бір жас жігітті сырттай бақылап, назарда ұстап жүрмін, болашақта мықты маман болады,– деп ойымен бөлісті жас теміржолшылардың тәрбиешісі Ғабит Есқожанов.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды