Елімізде теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 12 мыңнан астам азамат жауапқа тартылды

Жаңалықтар
19.06.2023, 15:04
Оқуға 2 мин

Биыл 12 581 азамат теміржол төсемін белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды,  деп хабарлайды Rail-news.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Мадияр Айтуғанов айтуынша, Жыл басынан бері департаменттің қызмет көрсету аумағында локомотивтердің шұғыл тежелуінің 620 фактісі тіркелді, оның ішінде адамдардың болуына байланысты – 154, үй жануарларының теміржол төсемінде болуымен – 365, сондай-ақ рельстерге бөгде заттарды қалдыру бойынша бір дерек тіркелді.  

Осы жылдың 5 айында белгіленбеген жерлерден темір жолдарды кесіп өткені үшін 12 581 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың теміржол көлігімен жарақаттануының 27 фактісі тіркелді, оның жартысынан көбі өліммен аяқталды.  

– Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өтуі, теміржолдағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Болып жатқан қайғылы статистика жасөспірімдерге де, ересектерге де ой салу керек. Мұқияттылық пен қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау, денсаулығыңызды, тіпті өміріңізді сақтап қалады. Өмір – қолымыздағы ең қымбат қазына. Оны естен шығармау қажет, – деді М.Айтуғанов.  

Спикер қайғылы жағдайлардың алдын алу, жолын кесу мақсатында көлік полицейлері теміржол ұйымдарында, оқу орындарында профилактикалық сипаттағы белсенді жұмыстар жүргізіп, халықпен кездесу өткізіп жатқанын атап өтті. Алайда, ең алдымен, азаматтардың өздері теміржолдағы тәртіп ережелерін қатаң сақтап, сигналдарға мән беріп, сондай-ақ өзгелерді де ескерткені жөн.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды