Мойынты – Шу: теміржол желісінің ашылғанына 70 жыл

Жаңалықтар
23.10.2023, 15:10
Оқуға 2 мин

Шу қаласында теміржол саласы ардагерлерінің бастамасымен Шу – Мойынты теміржол желісінің құрылысы аяқталғанына 70 жыл толуына орай көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

«Біз саламыздың тарихында жарқын із қалдырған теміржолшыларға терең құрмет, қастерлеу және алғыс айту үшін жиналдық. Мойынты – Шу желісі ауадай өте қажет болды», - деп атап өтті теміржол саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Болатбек Дүйсемалиев.

Ұзындығы 438 км Мойынты – Шу теміржол желісінің құрылысы 1953 жылы аяқталды. Бұл аңызға айналған және жалпыхалықтық құрылыс қана емес, ел үшін де сын-тегеурін болды. Жол Қазақстан үшін үлкен халықтық-шаруашылық маңызға ие еді. Ол елдің солтүстік өңірлерін оңтүстік облыстармен және Орталық Азия республикаларымен байланыстырып, республиканың оңтүстік облыстарына Қарағанды көмірін жеткізуге жол ашты.

ҚТЖ орталық мұражайында қазақстандық теміржолшылар мен құрылысшылардың қиын климаттық жағдайларда еңбек еткендерін баяндайтын бірегей фотоматериалдар, газет қиындылары сақталған. 40 градусқа дейін ыстықта қиын климаттық және тұрмыстық жағдайларда жұмыс істеу керек болды. Су 10-15 шақырымнан жерден жеткізілді. Олар жертөлелерде, киіз үйлерде және шатырларда тұрды.

Станцияларда вокзалдар мен жолаушылар платформалары, тепловоз деполары, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыс және коммуналдық мақсаттағы объектілер, қоғамдық тамақтану, сауда және денсаулық сақтау, теміржолшылардың балаларына арналған балабақшалар мен интернаттар салынды.

Мойынты–Шу теміржолы көптеген теміржол әулеттерінің құрылуына себепші болды. Құрылысқа Қазақ ССР-нің 14 облысынан 20 мыңға жуық адам келді.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды