«Тұлпар-Тальго» пойыздарындағы жолаушыларға көрсетілетін қызмет түрлерін аутсорсингке беру туралы мәселе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да қаралуда. Мұндай шешімге аталған қоғам басшылары шетелдік озық жолаушылар компанияларының жұмыс тәжірибесін зерттеу нәтижесінде келіп отыр. Олардың пайымынша, сервистік инвентарлармен жабдықтауға, вагондардың санитарлық-техникалық жағдайын бақылауға, сервистік персонал қызметкерлерін ынталандыруға, сондай-ақ, сервистік қызметтер көкжиегін кеңейтуге қатысты жаңа тәсілдемелерді есепке алған жоба, жолаушыларға көрсетілетін қызметтер сапасын мейлінше арттырмақ. Сонымен қатар, алдан ала жасалған есептеулер бойынша, бұл жоба пойыздарды жабдықтау мен жолсеріктер күтіміне кететін шығын көлемін 10 пайызға дейін оңтайландырмақ. Биыл аталған жоба пилоттық жоба ретінде Астана – Алматы және Алматы – Петропавловск бағдарына енгізіліп, жүзеге асырылатын болады.

Ислам ТАЛҒАТ