Үздік күзетшілер анықталды

Жаңалықтар
15.12.2023, 11:00
Оқуға 3 мин
Суреттерді түсірген Сара САХЫНБЕК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жақында, яғни 9 желтоқсан күні «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ қызметкерлері төл мерекесін атап өтті. Осыған орай ерен еңбектерімен еленген бір топ сала қызметкері «Үздік күзетші» белгісімен марапатталды.

Олардың қатарында Жем станциясындағы атқыштар командасының күзетшісі Нұрлан Мұстафаев бар. 33 жылдан бері осы салада еңбек ететін күзетші бірнеше рет қылмыскерлерді қолға түсіріп, бағалы жүкті ұрлауының алдын алған. Биылдың өзінде ол «Темір жолда бөгде адам» айлығы аясында рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған 18 адамды тоқтатқан. Ал 2015 жылы Қандыағаш станциясындағы жөнелту паркінде жолдың үстіңгі құрылымы материалдарын ұрлап жатқан екі адамды ұстап, желілік полиция қызметкерлеріне тапсырған. Екі жыл бұрын кәсібилігі үшін «ӘТЖК-ға 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. 

«Үздік күзетші» белгісін төсіне таққан келесі бір кейіпкеріміз – Жаңагүл Медеуова. Қызылорда станциясындағы атқыштар командасының күзетшісі Жаңагүл Медеуованың бұл қызметті отыз жылға жуық абыроймен атқарып келе жатқаны әйелге тән емес мамандық деген ұғымды теріске шығарады. Биыл күзетші Медеуованың арқасында қара металл сынықтары ұрлануының алды алынған. Оқиға былай болыпты. Жаңагүлге теміржол мекемесі қызметкерінен қара металл сынығы ұрланатынын хабарлаған қоңырау түскен. Мұны естіген бойда Медеуова Қызылорда станциясының ЖПБ-нің кезекші бөліміне шұғыл хабарласып, ұрлықтың алдын алуға ықпал еткен. Нәтижесінде күдікті адам ұсталып, одан 1500 кг көлемінде қара металл сынығы тәркіленген. Осыған дейін «Әскерилендірілген күзеттің құрылғанына 90 жыл», «Әскерилендірілген күзеттің құрылғанына 100 жыл», «Құрмет грамотасы» және «ӘТЖК» АҚ басшылығының Алғыс хаттарымен марапатталған Жаңагүл Медеуова енді «Үздік күзетші» атанды. 

Достық станциясындағы атқыштар командасының күзетшісі Қанат Жайлаубаев та өз міндетін адал атқаруда. Бұл қызметте ол 15 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Білікті маман өз тәжірибесін жас әріптестерімен бөлісуден жалыққан емес. 

Ел өңірлерінен келген күзет қызметкерлері «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әкімшілік ғимаратында орналасқан теміржолшылар мұражайын аралап, ондағы тарихтан сыр шерткен жәдігерлермен танысты. 

«Менің теміржол саласында еңбек етіп жатқаныма 34 жылдан асты. Соның отызға жуық жылы әскерилендірілген темір жол күзеті қызметінде өтіп жатыр. Жұбайым да осы қызметте жұмысістейді. Біздің міндетіміз – жүк жөнелтушілердің аманаттап тапсырған жүгін діттеген жеріне аман-есен жеткізу. Меніңше, ел экономикасының өркендеуіне теміржол күзеті қызметінің де қосып отырған үлесі мол. Өйткені, сауда айналымы осы темір жол көлігінің тасымалы арқылы жүзеге асады. Сондықтан бізге артылған жауапкершілік жүгі ауыр. Кәсіби мерекеде еңбегімді елеп «Үздік күзетші» белгісімен марапаттап жатқан басшылығыма, қолдау білдіріп жатқан әріптестеріме зор алғыс айтамын. Барлығына еңбекте табыс, отбасына амандық, дендеріне саулық тілеймін», – деп ізгі тілегін білдірді Қызылордадан келген Жаңагүл Медеуова. 

– Бүгінде «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС бөлімшелері «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 92 станциясында, оның ішінде 16 мемлекетаралық түйісу пунктінде орналасқан. Ұжымда 7 мыңға жуық білікті жұмысшы жұмыс істейді. Олар қырағылықтың, кәсібиліктің және жедел әрекет етудің арқасында әртүрлі бағалы жүктердің тоналуына жол бермей, ұрлық-қарлықтың алдын алып, өз міндеттеріне адалдықтан айныған емес. Биылғы 102 жылдыққа әскери теміржол күзетінің қызметкерлері үлкен табыспен келіп отыр. Кәсіби мерекеде біз биылғы жылдың жұмыс қорытындысын саралап, еңбегі озық қызметкерлерімізді «Үздік күзетші» белгісімен марапаттадық, – деп атап өтті «ӘТЖК» ЖШС бас директоры Азамат Майкеш. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды