Жамбылда теміржол қозғалысы қайта жанданды

Жаңалықтар
15.12.2023, 13:10
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл облысында ақтүтек боранның салдарынан жарияланған аумақтық табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою бағытында жұмыстар жалғасуда. Бұған ҚТЖ «ЖТ Жамбыл жол бөлімі» және Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне» қарасты барлық мекемелердің қызметкерлері де жұмылдырылған.

Нәтижесінде жолдар қардан тазартылып, «Шу-Отар» учаскесіндегі жолда тұрып қалған 11 жолаушы және 12 жүк пойызы өз бағыты бойынша жөнелтіле бастады.

Атап айтсақ, бүгін таңертеңгі сағат 9.00-де Көктөбе-Бел аралықтарынан 6 пойыз жөнелтілді, оның 3-уі жолаушы пойызы. Көктөбе - Шоқпар-Бел аралықтарында жұп және тақ жолдар бойынша электр энергиясы жоқ.

Төтенше жағдайдың салдарын жою үшін жұмылдырылған қызметкерлер: Көктөбе станциясы бойынша №1255 пойызының астында қар тазалау бойынша 51 адам жұмыс істеді.

Сондай-ақ сағат 06.30 Тараз станциясынан көмекке 117 қызметкерден тұратын №5802 пойыз (0040767; 00040634; 00041244 сынып вагондары) жөнелтілді. Оның ішінде: №51 жол дистанциясынан басшысы М.Мадалиев бастаған 30 адам, №21 электрмен жабдықтау дистанциясынан басшысы К.Сәрсенбеков бастаған 20 маман, №34 белгі беру және байланыс дистанциясынан Ұлақұловтың жетекшілігімен - 20, М.Байдалиев бастаған №35 қалпына келтіру пойызынан – 15, М.Хайпов бастаған №26 жолаушылар тасымалы бөлімінен – 8, М.Юнусов бастаған «РСП – 2» бойынша 15 адам бар. Жалпы 108 қызметкер, 3 жолсерік, 6 басшы жол қозғалысы шектелген аймақтарға жіберілді.

Ал, Сарышаған станциясына жіберілген №5801 пойыз құрамында барлығы 47 қызметкер бар. РСП бойынша - 15 қызметкер Қорағаты-Тәтті аралағындағы жүру жолына, Жиделі станциясына 17 адам қайта жіберілді. 43-тармақ, Алматы-1-тармақ, Көктөбе станциясына 16 қызметкер қонып жатып, қызмет етуде.

Жұмылдырылған техникалар мен күштің арқасында түскі сағат 12.00-ге дейін Көктөбе-Бел аралықтарынан 7 пойыз жөнелтілді, оның 3-еуі жолаушы пойызы (1-т., 21-Т., 3-т., 2208-т., 2880-т., 2316-т., 3402-т.).

Көктөбе-Шоқпар-Бел аралықтарында жұп және тақ жолдар бойынша түске дейін электр энергиясы берілген жоқ.

Қазір Көктөбе станциясы бойынша Алматыдан және РСП-дан келген қызметкерлерді қосқанда 70 адам жұмыс істеуде (үйге түнгі ауысымнан 17 қызметкер жіберілді).

Шу станциясына 117 қызметкерден тұратын №5802 (0040767; 00040634; 00041244 сынып вагондарымен) пойыз келді.

Шу станциясынан Көктөбе станциясына көмекке 20 адам автокөлікпен барды. (10 адам Шу ПШМ, 10 адам ШЧ-35).

Сонымен қатар № 5801 пойыз құрамында барлығы 47 қызметкер Қайраткөл станциясына жеткізілді.

Жиделі-Хантау - Қияхты аралықтарында желдің күшеюіне байланысты Жиделі станциясында 17 адам көмекке қалды. Барлығы 271 адам жұмылдырылған.

Айта кету керек, Шу станциясында жолда қалған жолаушылар мен жолды тазарту жұмыстарына тартылған қызметкерлерге арнап көліктік полиция департаменті, станция, теміржолға қарасты мекемелер мен бөлімдердің қызметкерлері тегін ыстық тамақ ұйымдастыруда. Түскен дейін 4 қазан күріш басып, нан, ыстық шай таратылды.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті